Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Катонқарағай оқушылары Алматыда өткен Халықаралық байқауда бас жүлде жеңіп алды

# News
19 мая, 2022
SEM_9127.jpeg


Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауылының оқушылары Алматы қаласында өткен Халықаралық шығармашылық халық ансамбльдерінің байқауында бас жүлде жеңіп алды.


Бірнеше жыл бұрын Катонқарағайдағы С.Ластаев атындағы мектепте музыкалық аспаптар болмағандықтан, оқушылар нотамен таныс емес еді.


Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының қолдауымен музыкалық сынып жабдықталып, 2020 жылы «Мұрагер» ұлттық аспаптар оркестрі құрылды. Дәл осы оркестрдің құрамына мектептің 30 оқушысы кіреді.

Бүгінде оқушылар Petrof роялінде, жетіген, сазсырнай, домбыра, сыбызғы, шаңқобыз және асатаяқ секілді ұлттық аспаптарда ойнай алады. Оларды бұл өнерге баулыған ұстаз – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, этномузыкант және композитор Еділ Құсайынов.

2022 жылдың 18 мамырында Нұрдана Омар жетекшілік ететін «Мұрагер» ұлттық аспаптар оркестріндегі 3-9-сыныптың 20 оқушысы Алматы қаласында өткен «Жарық жұлдыз» байқауында бас жүлдеге ие болып қайтты.

Ал 3-сынып оқушысы Рафхатқызы Аяна жетіген аспабы бойынша І орын иеленді.


Другие новости
# Статья
25.02.2025
«Арманнан шындыққа дейін: Қор жобалары Қазақстанның барлық ауылдық аймағын қамтиды» – Серік Толықпаев

Мен үшін білім саласы жай ғана қызметтің бір бағыты ғана емес, бұл тамыры тереңде жатқан менің жеке тарихым. Менің атам Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы алғашқы ұстаздардың бірі болса, ата-анам да саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады. Тағдырыма ұстаздық жолын жалғастыру жазылмаса да, білім саласын дамытуға үлес қосуға деген ұмтылыс генетикалық жадымда сақталып қалғандай.

# Статья
25.02.2025
«Болашақ мектептен басталады» – Күләш Шәмшидинова

Білім – қоғамның болашағын құрайтын іргетасы. Бұл саладағы заманауи үрдістер әр оқушының қажеттіліктерін ескеретін білім беру ортасын құру мақсатында цифрландыру мен гуманизацияға бағытталған. Цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктерді ашады, оқытуды қолжетімді және жан-жақты етеді, балаларды селқос ​​білім алушылардан оқу үдерісінің белсенді қатысушыларына айналдырады.

# Опорные школы
18.02.2025
Мұғалімдер медиатехнологияларды меңгеруде: Педагогикалық шеберлік орталығында мектеп телестудияларын құру бойынша семинар басталды!
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында мұғалімдер мектеп телестудияларын құру және басқару бойынша оқудан өтуде