Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

«Болашақ мектептен басталады» – Күләш Шәмшидинова

# Мақала
25 февраля, 2025
GA_07980 (1).jpg

Білім – қоғамның болашағын құрайтын іргетасы. Бұл саладағы заманауи үрдістер әр оқушының қажеттіліктерін ескеретін білім беру ортасын құру мақсатында цифрландыру мен гуманизацияға бағытталған. Цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктерді ашады, оқытуды қолжетімді және жан-жақты етеді, балаларды селқос ​​білім алушылардан оқу үдерісінің белсенді қатысушыларына айналдырады.


Алайда, жаңашылдықтардың барлық артықшылықтарына қарамастан, көптеген мектеп оқушылары, әсіресе Қазақстанның шалғай аймақтарында оқитындар мұндай мүмкіндіктен айырылған. Ауыл мектептерінде тұрақты интернет, заманауи оқу құралдары мен технологиялар жиі болмайды. Сондай-ақ білікті ұстаздар жетіспейді, жергілікті ұстаздар қауымы оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын енгізуде жеткілікті қолдауға ие бола бермейді. Бұл мәселелер қала мен ауыл арасындағы білім беру мүмкіндіктерінің алшақтығын күшейте түседі.


Аталған мәселелерді шешу үшін Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры құрылды, оның мақсаты – қай жерде тұратынына қарамастан барлық балалар үшін тең сапалы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Қор ауылдық және шалғай елді мекендердегі білім сапасын арттыру және заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін енгізуге бағытталған бастамаларды қолдайды.


Қор жұмысының басты құндылықтарының бірі – ол бизнес, үкімет және қоғамның күш-жігерін біріктіреді. Бұл жай ғана қаржылық ресурстарды шоғырландыру емес, білім, тәжірибе және құзыреттерді біріктіру. Әрбір қатысушы өзінің бірегей үлесін қосады: кәсіпкерлер - стратегиялық перспектива мен іскерлік көзқарас әкеледі, үкімет өкілдері - қоғамның қажеттіліктерң мен реттеу механизмдерін, ал қоғам өкілдері - білім берудің болашағын қалыптастыратын идеялар мен құндылықтарды әкеледі.


2024 жылы барлық тараптардың пікірін ескеру үшін қордың қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов, экономист Ораз Жандосов және Aitas-Group холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев кірді. Біз әртүрлі тәжірибелері бар адамдардың біріктірілген көзқарастары тиімді шешімдерді табуға көмектесетін диалог алаңын құрамыз. Бұл тәсіл білім беру жүйесін әртүрлі қырынан қарауға мүмкіндік береді.


Қала мен ауыл арасындағы білімдегі алшақтықты жою ұзақ жол, бірақ түбінде оған жетуге болады. Ол үшін нақты міндеттер және іс-қимыл жоспарымен бекітілген нақты мақсаттың болуы маңызды. Біз Қазақстанда балаларға елдің кез келген жерінде сапалы және жақсы білім алуына жағдай жасауға ұмтыламыз.


Біз бірлесіп, білім беруді еліміздегі өзгерістердің нақты қозғалтқышына айналдыратымызға сенімдімін. Осы игі іске қолдау көрсетіп, үлес қосқаныңыздарыңыз үшін рахмет.


Құрметпен,

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің басшысы

Күләш Шәмшидинова

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.