Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?

# Тірек мектептер
20 октября, 2026

Ақкөлде республикалық «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасына қатысатын Ақмола облысының тірек мектептері бас қосты. Конференцияға өңірдегі 19 тірек мектептен 20-дан астам өкіл қатысты. Жиынның басты мақсаты — жобаның алғашқы кезеңінің нәтижелерін қорытындылап, тірек мектептер желісінің алдағы даму бағытын айқындау.

Кездесу Ақкөлдегі жобаға қатысушы мектептің тәжірибесімен танысудан басталды. Қонақтарға мектептің жетістіктері, жұмыс тәсілдері мен жоба аясында қолға алынған жаңа бағыттар таныстырылды.

Мектеп директоры Гүлжан Бапар білім ордасындағы оң өзгерістерге тоқталды.

«Соңғы үш жылда мектебіміздегі білім сапасының көрсеткіші 7%-ға артты. Бұған оқытудың жаңа тәсілдері мен форматтарын енгізу ықпал етті. Оқушыларымыз жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысады. Ал мұғалімдеріміз республикалық шығармашылық топтың құрамына еніп, озық тәжірибе алмасуға және білім беру мазмұнын жетілдіруге белсенді атсалысып келеді», — деді Гүлжан Бапар.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі де бар. 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп еліміздің үздік 100 мектебінің қатарына енді.

Айта кетейік, жоба аясында әр тірек мектеп 250 млн теңгеге жабдықталды. Қажетті қаражатты жобаның серіктесі — «Қазақстан халқына» қоры бөлді. Өткен жылы еліміздегі 193 тірек мектепті жабдықтау жұмыстары толық аяқталды.

Конференцияның екінші бөлігі тірек мектептер желісінің болашағына арналған стратегиялық сессия форматында өтті. Қатысушылар «болашақтан бағдарлау» әдісін қолдана отырып, алдағы бес жылға арналған даму мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізу жолдарын талқылады. Әсіресе тірек мектептердің өзара ынтымақтастығы мен оларға бекітілген магниттік мектептермен бірлескен жұмысты дамытуға баса назар аударылды.

«Әр облыстағы тірек мектептердің өзара байланысын нығайтып, магниттік мектептермен бірлескен жұмысын жүйелеу — жобаның негізгі мақсаттарының бірі. Бүгінгі стратегиялық сессияда ортақ мақсаттарды талқылап қана қоймай, тәжірибе алмастық. Тірек және магниттік мектептерді дамыту, ауылдағы білім сапасын арттыру бағытында бірлескен жобаларды қалай жүзеге асыруға болатынын және күрделі мәселелерді шешу жолдарын айқындадық. Алдағы уақытта мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры директорының міндетін атқарушы Сабыржан Кеңшілік.

Другие новости
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.
# News
11.08.2026
Ауыл мектептері қандай цифрлық платформаларды пайдаланады?
Өткен жылы біз цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жобасын бастадық.