Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
# News
10 октября, 2026
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеншілік тағайындалды.
Төрт жыл бойы Білім беру саласын тұрақты дамыту қорын басқарған Данияр Тоқтарбаев кәсіби қызметін aitas холдингінің бизнес бағытында жалғастырады. Ол сыртқы коммуникациялар мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл (GR) мәселелеріне жауапты болады.
Холдингтің әлеуметтік бағытында жеті жыл, оның ішінде төрт жыл Қор басшысы қызметін атқарған Данияр Тоқтарбаев командасымен және серіктестерімен бірге Қазақстандағы ауылдық білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты.
Осы кезеңде тірек мектептерді дамытуға шамамен 64 млрд теңге инвестиция тартылып, ел аумағында ауқымды білім беру желісі қалыптастырылды. Маңызды жетістіктердің бірі — Шығыс Қазақстан облысындағы Өрел ауылы мектебінің Орталық Азияда алғаш болып халықаралық Google Reference School мәртебесін иеленуі.
Сонымен қатар, Қордың шағын жинақты ауыл мектептерін дамытуға бағытталған жобасы әлемдегі 100 үздік білім беру инновациясының тізімі — HundrED Global Collection 2026 жинағына енді.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Кеншіліктің қоғамдық салада 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Соңғы үш жылда ол Қорда қызмет атқарып, оның екі жылында негізгі бағыттардың бірі — «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына жетекшілік етті.
Қордағы қызметі барысында Сабыржан Кеншілік жүзеге асырылып жатқан жобалардың ерекшеліктерін, қалыптасқан серіктестік байланыстарды және ауыл мектептерінің қажеттіліктерін терең меңгерді. Оның жаңа қызметке тағайындалуы қолданыстағы бастамалардың сабақтастығын қамтамасыз етуге және ауылдық жерлерде сапалы әрі қолжетімді білім беруді дамытуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қазақстандағы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өз миссиясын жүзеге асыруды жалғастырады.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.
# News
11.08.2026
Ауыл мектептері қандай цифрлық платформаларды пайдаланады?
Өткен жылы біз цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жобасын бастадық.