Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
# Тірек мектептер
01 октября, 2026
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.
Бірінші орынды Ақмола облысындағы Ақкөл мектебі иеленді. Бас жүлде ретінде мектепке құны 100 млн теңге болатын көпфункционалды спорт кешені салынады. Оның құрамына стандартты өлшемдегі футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңы, воркаут аймағы мен саябақ аумағы кіреді.
Екінші орынды Түркістан облысындағы Шәуілдір мектебі жеңіп алды. Мектеп үшін құны 66 млн теңге болатын, баскетбол алаңдары мен күш жаттығуларына арналған аймағы бар спорт алаңын салу жоспарланған.
Үшінші орын Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай мектебіне бұйырды. Мектепке құны 28 млн теңге болатын, гимнастикалық жабдықтармен және ашық ауада жаттығуға арналған тренажерлермен жабдықталған арнайы воркаут алаңы салынады.
Үш мектеп те Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры серіктестерімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының қатысушылары болып табылады.
Байқаудағы жеңіс ауыл мектептерінің спорттық инфрақұрылымын жақсартумен қатар, балалардың дене тәрбиесімен айналысуына, белсенді демалуына және денсаулығын нығайтуына қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Жүлде ретінде қарастырылған спорт нысандарының жалпы құны 194 млн теңгені құрайды. Бұл жетістік серіктестік пен мектептердің білім беру бастамаларына белсенді қатысуы ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынының тағы бір жарқын мысалы болды.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# News
11.08.2026
Ауыл мектептері қандай цифрлық платформаларды пайдаланады?
Өткен жылы біз цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жобасын бастадық.