Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

«Арманнан шындыққа дейін: Қор жобалары Қазақстанның барлық ауылдық аймағын қамтиды» – Серік Толықпаев

# Статья
25 февраля, 2025
C9lmKFX0jMHL3dDeWYeyWwPgV37TIa-metaZUtOeXBnS213SnNoRXlRZE5ubHBEOFpJVm9xT0xiLW1ldGFNakF5TURFd01qTXRVMFZOWHpFNE9UZ3VhbkJuLS5qcGc=-.jpg

Мен үшін білім саласы жай ғана қызметтің бір бағыты ғана емес, бұл тамыры тереңде жатқан менің жеке тарихым. Менің атам Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы алғашқы ұстаздардың бірі болса, ата-анам да саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады. Тағдырыма ұстаздық жолын жалғастыру жазылмаса да, білім саласын дамытуға үлес қосуға деген ұмтылыс генетикалық жадымда сақталып қалғандай.


Ауыл тұрғыны болғандықтан шалғайдағы балалардың қаладағы құрдастарына қолжетімді болып отырған мүмкіндіктерден қалай айырылып жатқанын өз көзіммен көрдім. Білімдегі бұл алшақтық маған маза бермеді: өздеріне тиесілі білімді ала алмай жүрген ауыл балаларына жаным ашыды. Сол себепті мен балалардың оқуына қолайлы жағдай жасау және қай жерде тұратынына қарамастан Қазақстанның барлық мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қол жеткізуін өз миссиям деп санадым.


Міне, 2019 жылдан бастап алты жыл бойы біздің қорларымыз Қазақстандағы білім беру саласын дамытуға бағытталған жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл процессте Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жетекші рөл атқарады.


Білім – елдің тәуелсіздігі мен өркендеуінің іргетасы екеніне сенімдімін. Онсыз заманауи экономиканы құру, ғылым мен мәдениетті дамыту, егемендікті қамтамасыз ету мүмкін емес.


Соңғы жылдары біз армандап келген көп нәрсеге қол жеткіздік – біздің жобаларымыз Қазақстанның барлық ауылдық жерлерін қамтыды. «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бастамасы аясында биыл 56 мектеп жаңартылды. Сондай-ақ «Отпан» және «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобалары іске қосылып, қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп жатыр. Бұл тек Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды жетістік.


2025 жылы біз білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жаңғыртуды аяқтап, ауыл мен қаладағы білім арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.


Алдағы жылдарға қойылған негізгі міндеттердің бірі – білім сапасын бағалаудың тәуелсіз жүйесін құру. Бұл оқушылардың білім деңгейін объективті бағалауға және жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.


Біз үшін білім берудің мықты идеологиялық негізін құру да маңызды болып отыр. Көп жағдайда білім мен дағдыларға баса назар аударылатын қазіргі заманда этикалық құндылықтар мен білімге тиісті көңіл бөлу өте маңызды деп санаймыз.


Біздің жұмысымызда «Біздің Болашақ» жобасы ерекше орын алады. Бұл балалар мен азаматтық қоғамның әлем туралы көзқарасын біріктіретін бағдарлама. Connected конференциясы және құралдар арқылы біз 20-30 жылға болашақтың бейнесін қалыптастыруға арналған платформа жасаймыз.


Қағидаларымызға берік болып, күш біріктіру арқылы біз мақсатымызды орындап, елеулі нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенемін. Біз бірігіп, әркім даму мен табысқа жету үшін тең мүмкіндіктерге ие болатын болашақты бірге құрамыз.  


Құрметпен,

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының негізін қалаушысы,

AITAS холдингінің бас директоры

Серік Толықпаев

Другие новости
# Опорные школы
21.04.2025
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды

# Статья
14.04.2025
«Шағын мектептердегі үлкен өзгерістер» – Ералы Тоғжанов

Соңғы жылдары халық ауылдан көшіп жатыр. Ауылдан адам неге кетеді? Ең алдымен халыққа қолайлы жағдай болмаған соң кетеді. Кетіп жатқандардың 60% жастар. Мысалы, Ақтөбенің өзінде 2020, 2021 2021 жж. 17 мың адам ауылдан көшіп кеткен. Адам ауылдан кеткенімен ондағы проблема шешілмейді, керісінше мәселе туындайды. Түбінде ол ауылдың мектебі жабылады, тұрмыстық жағдайы құлдырайды, көп ұзамай ауыл да жабылады. Бір жылдың ішінде елде 75 мектеп жабылып жатыр. 

# News
08.04.2025
Ұстаз жетіспеушілігі: Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында мәселе қалай шешімін тауып жатыр?
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қамқоршылық кеңесі төрағасы Күләш Шәмшидинова Ақтөбе облысындағы ауыл мектептеріне барды