Тірек мектеп: Арыстағы С. Адамбеков мектебіндегі өзгерістер таныстырылады

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған. Жоба 2022 жылдан іске асырылып келеді. Осы аралықта еліміздің 135 мектебі тірек мектептер желісіне қосылды.
Арыстағы С. Адамбеков атындағы мектеп аталмыш жобаға 2024 жылы енді. Биыл мектептің 32 кабинеті мен қосымша білім беру бағытары бойынша студиялар толық жабдықталды. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қорынан 250 млн-ға жуық қаражат бөлінген.
Тірек мектептер желісіне қосылған оқу орынының ұстаздары Назарбаев зияткерлік мектептерінен оқу-тағылымдамадан өте бастады. Бұл – жоба ашқан тағы бір мүмкіндік. Әр ұстаз өз бағыты бойынша семинарларға, тренингтер мен интенсивті курстардан өтеді. Сондай-ақ, 3 жыл көлемінде облыстағы зияткерлік мектеп филиалымен тығыз байланысты жұмыс істеп, кең көлемді кеңес алып отырады.
27 қараша сағат 10:00-де Арыс қаласы жұртшылығы мен облыс басшылығына жаңартылған мектеп таныстырылады. Облыс әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоры, Оқу-ағарту министрлігі өкілдері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қамқоршылық кеңесі төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова қатысады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында өзекті мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын атап өтті. Оның басты себебі – ауылдық жерлерде білікті ұстаздар тапшы. Бұған жауап ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, еліміздегі барлық балалардың білім алуына тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасын қолға алды.
2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауының арқасында жоба «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» Ауылдағы флагман мектептерінің әлеуетін дамыту» ауқымды бастамасының негізіне айналды. Бүгінге дейін жобаға 140-тан астам мектеп қатысты, 2024 жылға қарай (может 2025 жылдың соңы) олардың санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.
Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр.