Тірек мектептер: ауыл мұғалімдерін қалай оқытады?
# Тірек мектептер
30 октября, 2024

Қазанның 10-ы мен қарашаның 1-і аралығында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Қазақстанның 16 өңірінің мұғалімдері оқыту семинарларынан өтіп жатыр.
Семинарлар Алматы, Астана, Түркістан, Атырау, Семей, Көкшетау қалаларындағы Зияткерлік мектептер базасында, сондай-ақ Атырау колледждерінде және Түркістан қаласының №7 IT мектеп-лицейінде жүргізіледі.

Осы семинарларға 400-ден астам ауыл мұғалімі қатысты. Бағдарлама 13 пән бойынша білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін әдістемелерді зерделеуге бағытталған.

«Биыл 56 тірек мектебі оқудан өтіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз — жаңа әдістемелерді ұсыну, ұстаздарға қызықты орта жасай отырып, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану дағдыларын дамытуға көмектесу», — дейді «НЗМ» АҚ Білім беру бағдарламалары орталығының сарапшысы Екатерина Вьюшкова.

Астанада семинарлар шығыс және солтүстік өңірлердің педагогтеріне арналған.
«Біздің мектеп биыл тірек мектептердің біріне айналды және барлық мүмкіндікті сабақта қолданамыз. Тренингте оқу пәндері бойынша білімімізді тереңдетіп, мақсат қоюмен жұмыс істедік және мамандардың тәжірибесін зерттедік. Бізге зерттеу тәсілдері мен әдістерін тәжірибеде қалай енгізу керектігі көрсетілді. Бұл құнды білімді біз міндетті түрде жұмыста қолданамыз», - дейді Қостанай облысының бастауыш сынып мұғалімі Жеңіскүл Жарқынбаева.

Білім беру бағдарламалары орталығы саладағы жаңашылдықты және халықаралық тәжірибені үнемі бақылап отырады.

«Үздіксіз өзгеретін қазіргі әлемде білімді үнемі іздеп, жаңарту қажет. Сондықтан мұндай жағдайда мұғалімдерді қолдап, әлеммен бірге даму маңызы зор. Біздің оқыту бағдарламаларымыз осыған арналған», — дейді орталық маманы Алтынгүл Төлегенқызы.

Еске салсақ, биыл Қазақстанның 56 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылды. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігін жою. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
Другие новости
# Тірек мектептер
18.08.2025

Аягөздегі тірек мектеп: ауыл баласы армандаған орынға айналды
Аягөздегі көпбейінді қазақ мектебі 2022 жылғы тірек мектептер қатарына қосылған. Осакаровкада өтіп жатқан Тамыз саммитінде мектеп директоры Айнұр Қанапянова ауыл мектебіндегі өзгерістер жайлы айтып берді.
#
06.08.2025

51 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылады
Ауыл мектептерінде алғаш рет заманауи STEM, aрт, теле студия мен ғылыми кабинеттер пайда болып, ұстаздар оқу бағдарламасынан өтеді.
# News
22.07.2025
Атырау облысының әйелдері технология әлеміне қадам басып, болашақты өзгерте алады: STEM HANYM қатысушыларын не күтіп тұр?