Жаңа оқу жылында Абай облысында 4 тірек мектебі жұмысын бастайды
# News
04 сентября, 2024

Абай облысының Абай, Бесқарағай, Көкпекті және Бородулиха аудандарының мектептері биыл тірек мектептер жүйесіне қосылды.
Жобаға сай әр мектеп 3 жыл көлемінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің арнайы курстарынан өтіп, «Қазақстан халқына» қорының қолдауы арқасында жаңартылады.

Бородулиха ауданы Ә.Бөкейханов атындағы қазақ мектебінде 33 кабинет пайдалануға берілді. Абай ауданы Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясында 26 пән бөлмесі қолдануға тапсырылады.
Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде 35 кабинет қайта жабдықталып, мектептің акт залы, спортзал мен асханасы жаңартылды. Көкпекті ауданы Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінде 27 жаңа кабинет оқушылардың игілігіне берілді.

Әр аудандағы мектептерде мектепалды даярлық сыныптарынан бастап, бастауыш, орта және жоғары сыныптар үшін арнайы жабдықталған физика, химия, биология, информатика кабинеттері, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері, сонымен қатар робототехника, ART-студия, STEM-зертхана, Intellectum кабинеті, музыка және телестудия кабинеттері ашылды.

Жыл басынан мектептің педагогикалық ұжымына оқыту бағдарламалары мен әдістемелік қолдау көрсетіледі. Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, тірек мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жасалады. Бұл әдістемелік қолдау алдағы 3 жыл бойы жалғасады.
Айта кетейік, биыл Қазақстанның 56 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылады. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
Другие новости
# News
10.09.2025

Ганадан Катонқарағайға: шетелдік ұстаз ауыл оқушыларын ағылшын тілінде оқытады
Қазақстанда ауыл мектептеріндегі балалардың ағылшын тілін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Балаларға арналған ағылшын тілі» білім беру жобасы іске қосылды.
# Тірек мектептер
18.08.2025

Аягөздегі тірек мектеп: ауыл баласы армандаған орынға айналды
Аягөздегі көпбейінді қазақ мектебі 2022 жылғы тірек мектептер қатарына қосылған. Осакаровкада өтіп жатқан Тамыз саммитінде мектеп директоры Айнұр Қанапянова ауыл мектебіндегі өзгерістер жайлы айтып берді.
#
06.08.2025

51 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылады
Ауыл мектептерінде алғаш рет заманауи STEM, aрт, теле студия мен ғылыми кабинеттер пайда болып, ұстаздар оқу бағдарламасынан өтеді.