Гульзира Еркебаева: Опорная школа – платформа для смелых решений.

# Статья
30 сентября, 2025

Общественный фонд «Қазақстан халқына», созданный по инициативе Президента Касым-Жомарта Токаева в 2022 году, 25 сентября 2025 года провел IV Конференцию национальной благотворительности на тему: «Системная благотворительность: Устойчивость, партнерство, наследие». Итоговое заседание прошло во Дворце искусств в г. Кызылорда, при поддержке акимата Кызылординской области.

Одним из спикеров конференции выступила Гульзира Еркебаева, директор опорной школы Кармакшинского района Кызылординской области. В сегодняшнем материале предлагаем полное выступление спикера.

Все началось с одной новости

Қызылорда – ағартушы Темірбек Жүргенов, академик Шахмардан Есенов, математик Асқар Жұмаділдаев сияқты ғылым мен білімге еңбегі сіңген тұлғалардың туған жері.
Бүгін Сіздермен «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясындағы біздің мектебіміздің жолы мен жаңғыруы туралы бөліскім келеді. Бәрі бір жаңалықтан басталды. 

Бір күні ұжымға: «мектепке робототехника құралдары келеді» деген хабар жетті. Тыныштық орнады. Сосын сұрақтар басталды: «Ауылда робот құрастырамыз ба?» «Бұған дайынбыз ба?» Күдік болды. Бірақ балалар алғашқы сабаққа кірген сәттен-ақ бәрі өзгерді.
Сол күні біз тек техника емес – сенімді алып келдік. Балалар алғаш рет өз қолымен қозғалатын, сөйлейтін, әрекет ететін құрылғы жасай алатынын көрді. Ұстаздар алғаш рет қаладағы мүмкіндіктер ауылға да жеткенін сезінді.

2023 жылдың күзінен бастап мектебіміздің тынысы мүлдем өзгерді. 250 миллион теңгенің аясында 33 оқу кабинеті мен оқу кеңістігі толық жаңартудан өтті. Бұл – тек жаңа жиһаз бен техника емес. Біз ең алдымен ғылыми пәндерге – физика, химия, биология сияқты бағыттарға назар аудардық. Лабораториялық жабдықтар – нағыз зертхана деңгейіне жетті.

Ал бұдан бөлек, мектепте STEM, ART-студия, телестудия, робототехника кабинеттері ашылып, балалардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік туды. Бұл тек кабинеттердің жаңаруы емес – армандардың іске асуынаашылған есік болды. Жас ұрпаққа заманауи білім, ұстаздарға жаңа серпін, ата-аналарға – сенім мен үміт әкелді.

Алайда кез келген заманауи кеңістіктің шын мәніндегі құндылығы – оның ішіндегі адаммен, яғни мұғаліммен өлшенеді. Сондықтан жобаның ең басты, ең шешуші бөлігі – оқыту мен кәсіби даму болды. Біздің ұстаздар тек жаңа құрал-жабдықты игеріп қоймай, өзінің әдістемесін, көзқарасын, тіпті сабақ беру философиясын қайта қарап шықты.

Соңғы екі жылда 147 педагог оқу семинарларына қатысты. Ұстаздарымыз Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 тағылымдамалық дәрісіне, 3 практикалық семинарына қатысты. Өзіміз 4 облыстық семинар өткіздік. Мұның барлығы қауымдастық пен тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастырды.

Бұл өзгерістер оқушылар жетістігіне оң әсер етті. Егер 2022–2023 оқу жылында мектебімізде бар болғаны 2 ғана “Алтын белгі” иегері болса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп отырды. Нәтижесінде, 2024–2025 оқу жылында 10 оқушымыз “Алтын белгі” иегері атанды. Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардан 15 оқушымыз жеңімпаз атанып, ал педагогтардың кәсіби байқауларға қатысуы 6,3%-ға артып, өз тәжірибесін көрсетуге дайын мамандар қатары көбейді.

Қазір біз тірек мектеп ретінде магниттік мектептермен тығыз жұмыс істеп, тәжірибе таратудың нақты жолдарын қалыптастырдық.
Әр мектепке арналған жеке жұмыс жоспарлары бар, ұстаздар сабақтарға бірге қатысады, сессиялық форматтағы семинарлар өткіземіз, кейде магниттік мектептерге өзіміз барып, бірлескен жобалар ұйымдастырамыз.
Яғни, біз қазір тек өз мектебіміздің емес, айналамыздағы ауылдардың да білім сапасына үлес қосып отырған орталықпыз.

Біз бұрын сырттан үйренсек, енді үйрететін мектепке айналдық. 

Важный шаг за пределы школы

Позвольте рассказать о нашей особой гордости — проекте, который стал для нас шагом за пределы школы. 5 января 2025 года мы запустили учебно-производственный комбинат «Школа предпринимательства». Современное оснащение, мастерские, новая учебная среда — всё это вдохновило нас на большее. Мы захотели, чтобы школа давала не только знания, но и профессию. И начали действовать. Курсы – «Швея», «Повар», «Обработка древесины», «Компьютерная графика и веб-дизайн». Это не просто профориентация. Это – шанс увидеть себя в будущем. Занятия ведут не только учителя, но и приглашённые мастера, предприниматели, и даже… родители!

Да, именно родители. Мы привыкли думать, что сегодня трудно вовлечь родителей в школьную жизнь. А у нас они – приходят, шьют, варят, пилят дерево вместе с детьми! Один из них – сам предприниматель – подарил школе деревообрабатывающий станок. Это не просто комбинат. Это – платформа для жизни, где школа, родители, предприниматели – все вместе! И сегодня я хочу особенно обратиться к коллегам из других опорных школ, кто сейчас в этом зале. Уверена: у вас тоже есть все возможности – современная база, сильная команда, энергия – чтобы пойти дальше. Не бойтесь экспериментировать. Ищите своё направление. Создавайте. Потому что опорная школа – это не только про классическую модель. Это платформа для смелых решений.

Біз «болды» деп тоқтап қалған жоқпыз. Керісінше, осыдан кейін өзімізге нақты әрі биік мақсаттар қойдық. Келесі мақсат – үш жыл ішінде кәсіби шебер ұстаздардың санын арттырып, оқу сапасын тағы 7-8%-ға көтеру, халықаралық байқауларға қатысуды арттыру. Сонымен қатар біз «Позитивті педагогика» бағытын дамытып жатырмыз. Сабақтарда жобалық тәсіл, коучинг, оқушының жеке қабілетін ашу – бұл енді біздің күнделікті жұмысымыздың бір бөлігіне айналды.

Бір мұғалім сыныпқа шам алып келіп:
– Балалар, мына шам жалғыз өзі тек мына бұрышты жарық қылады. Ал бәріміз бір-бір шам жақсақ – бүкіл бөлме жарқырайды, – дейді.

Білім – дәл сол шам сияқты. Бір мектеп қана емес, жүздеген мектеп бірге жаңарса – бүкіл елдің болашағы жарық болады.

Біз – сол жарықты жаққан ауыл мектебі екенімізге сенеміз.


   
 
 
 
 
 

Другие новости
IDSRC