Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Алматы қаласында «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтеді

#
25 февраля, 2025

27-ақпан күні «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды.


Көрменің басты идеясы – ауыл мектептеріндегі жаңашыл бастамаларды көрсету. Фотокөрме өңірлердегі білім ошақтарының жаңа технологияларды игеруін, бәсекеге ұмтылысын, елдімекеннің дамуына тигізген әсері мен жергілікті тұрғындардың болмысы мен күнделікті тіршілігін айшықтайды.


Фотокөрме «ÓzgeEpic» креатив хабының бастамасымен және ұйымдастыруымен және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (furo.kz) қолдауымен жүзеге асты. Атап өтерлігі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы теңсіздігін азайтуға бағытталған жобаларды іске асырады.


Жоба кураторы – Тоғжан Құрманжанқызы. Жобаға танымал фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет және Сәбина Әбдімәлік шақырылды.


Әйгерім Бегімбет – журналист әрі фотосуретші. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. “Үркер” ұлттық сыйлығының лауреаты. “Тіршілік”, “Түркістан әйелдері” фотокөрмелерінің авторы.


Сәбина Әбдімәлік – суретші-фотограф. Фотожұмыстары Алматы, Атырау, Астана қалаларында қойылған. Сонымен бірге “Түсте” жеке фотокөрмесі өткен. Фотоөнермен қатар, деректі фильмдер түсірумен айналысады.


Көрме осыған дейін Астана, Түркістан қаласындағы кеңістіктер де көпшіліктің назарына ұсынылып, енді Алматы қаласында жалғасын табуда. “Ауыл мектебі” – шалғайдағы білім беру мекемелерінің зияткерлік әлеуетін көпшілікке танытуға, сондай-ақ ауыл мектептері мен оқушыларының дамуына жаңа серпін беретін бірегей шығармашылық жоба.   


Өтетін орны: «ÓzgeEpic» креатив хабы, Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 36

Өтетін уақыты: 27 ақпан, 16:00

Қосымша ақпараттар үшін: +7 707 730 0399 - Ұлбосын

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.