Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

«Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты республикалық әдістемелік интенсиві

#
26 марта, 2025

2025 жылы наурыздың 27-сі Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің педагогтеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты алғашқы республикалық әдістемелік интенсив басталады.

Интенсивке Қазақстанның әр өңірінен 135 ауылдық тірек мектептен 500-ге жуық мектеп басшысы мен пән мұғалімдері қатысады. Бұл – ұстаздар үшін тәжірибе алмасуға, педагогикалық шеберлікті арттыруға және өзара кәсіби байланыс орнатуға арналған бірегей мүмкіндік.

Бағдарлама аясында педагогтер мен мектеп директорларына арналған практикумдар, сараптамалық сессиялар, шеберлік сабақтар, интерактивті тренингтер, сондай-ақ білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады.

Интенсив ауыл мектептерін қолдауға бағытталған «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында өтеді. Бұл қайырымдылық бастама 2022 жылдан бері Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының серіктестігімен жүзеге асып келеді.

Шараны ұйымдастырушы: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы


Іс-шара өтетін орын: Астана Халықаралық мектебі (Түркістан көшесі, 32/1)


Басталатын уақыты: 09:30

БАҚ өкілдерін аккредиттеу телефоны: +7 708 314 42 49  Муслима Казыкенова

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.