Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Астанада Күләш Шамшидинованың «Үздік» кітабының тұсаукесері өтті

# News
07 октября, 2025

Астанада «Білім беру саласын тұрақты  дамыту қоры» Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Күләш Шамшидинованың «Үздік / Лучший» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап ата-аналарға арналған және білім берудегі маңызды тақырыптардың бірі — отбасы, мектеп және баланың өзара әрекеттестігіне бағышталған. Онда автор көпжылдық педагогикалық тәжірибесімен, практикалық ұсыныстарымен, сондай-ақ баланың әлеуетін ашуға, мұғалімдерді қолдауға және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеуге қалай көмектесуге болатыны туралы өз көзқарасымен бөліседі.

«Соңғы жылдары біз педагогикалық ұжыммен бірге халықаралық және қазақстандық тәжірибені біріктіріп, „мұғалім — оқушы — ата-ана“ жүйесіндегі өзара қарым-қатынасты талдадық және күрделі міндеттерді шешудің тиімді жолдарын тынбай іздедік. Нәтижесінде жас ата-аналармен бөлісуге болатын практикалық білім мен тәжірибе жинақталды», — деп атап өтті Күләш Шамшидинова.

Тұсаукесерге білім беру қауымдастығының, мемлекеттік органдардың өкілдері және автордың әріптестері жиналды, олардың арасында Ералы Тоғжанов, Гүлшара Әбдіқалықова, Бірғаным Әйтімова және Асхат Аймағамбетов бар. Құттықтау сөз сөйлегендер: Асхат Аймағамбетов, Шолпан Танатқызы және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері.

Іс-шара қатысушылары басылымның өзектілігін және оның ата-аналар үшін практикалық құндылығын атап өтті. Тұсаукесерде ұсынылған кітаптың барлық даналары сатып алынды. Сондай-ақ кітаптың сатылымға түсетіні туралы жоспар жарияланды.

Білім беруді орнықты дамыту қоры өз жобаларына қатысатын барлық мектептердің кітапханасына кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі бір данадан тапсыруды жоспарлап отыр, осылайша құнды білім мен педагогикалық тәжірибе ауыл мектептерінің ата-аналары мен мұғалімдеріне қолжетімді болады.

Бейнені қарау:
«Үздік / Лучший» кітабының тұсаукесері