Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Ауыл мектептері қандай цифрлық платформаларды пайдаланады?

# News
11 августа, 2026

IMG_7327.jpeg


Өткен жылы біз цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жобасын бастадық. Бұл жобада Оқу-ағарту министрлігі мен «Қазақстан халқына» қоры серіктес болды.

Сондай-ақ еліміздің үздік білім беру платформалары жобаға қатысушы мектептерге өздерінің үздік ресурстарын тегін ұсынды. Біз оларға жеке тоқталғымыз келеді.

Аmansultan.kz – мектеп бағдарламасы бойынша интерактивті анимациялық контенті мен виртуалды тренажерлары бар цифрлық платформа.

Daryn Pro – мектептердегі оқу материалдары мен бағалауды тиімді ұйымдастыруға және басқаруға арналған daryn.online білім беру платформасының жүйесі.

Roqed – ғылыми пәндер бойынша жүздеген егжей-тегжейлі 3D-модельдер мен анимацияларды оқып-үйрену арқылы білім алуға арналған интерактивті әрі қолдануға оңай білім беру бағдарламалық жасақтамасы.

Kundelik.kz – педагогтар, ата-аналар мен оқушыларға арналған автоматтандырылған білім беру ақпараттық жүйесі.

Bilim Media Group онлайн-платформалары:

Online mektep – мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесуіне, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастыруға арналған дайын білім беру экожүйесі.

Вilimland.kz – цифрлық білім беру контентінен, оқытушы интерактивті кешендерден тұратын білім беру платформасы.

BilimCenter.kz – ББЖӘБ (МОДО) мен халықаралық зерттеулерге дайындалу үшін педагогтар мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған цифрлық тренажер.

Kitap.kz – қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқуға әрі тыңдауға болатын қосымша.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.