Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Қазақстанда алғаш рет «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтуде

#
08 ноября, 2024
IMG_7077.jpg

 7-қараша күні «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды.

Көрменің басты идеясы – ауыл мектептеріндегі жаңашыл бастамаларды көрсету. Фотокөрме өңірлердегі білім ошақтарының жаңа технологияларды игеруін, бәсекеге ұмтылысын, елдімекеннің дамуына тигізген әсері мен жергілікті тұрғындардың болмысы мен күнделікті тіршілігін айшықтайды.

photo.jpg

Фотокөрме «ÓzgeEpic» креатив хабының бастамасымен және ұйымдастыруымен және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қолдауымен жүзеге асты. Атап өтерлігі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы теңсіздігін азайтуға бағытталған жобаларды іске асырады.

IMG_6133.jpeg

Жоба кураторы – Тоғжан Құрманжанқызы. Жобаға танымал фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет және Сәбина Әбдімәлік шақырылды.

Әйгерім Бегімбет – журналист әрі фотосуретші. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. “Үркер” ұлттық сыйлығының лауреаты. “Тіршілік”, “Түркістан әйелдері” фотокөрмелерінің авторы.

Сәбина Әбдімәлік – суретші-фотограф. Фотожұмыстары Алматы, Атырау, Астана қалаларында қойылған. Сонымен бірге “Түсте” жеке фотокөрмесі өткен. Фотоөнермен қатар, деректі фильмдер түсірумен айналысады.

IMG_6505.jpeg

IMG_6341.jpeg

Көрме барысында фотосуретшілер шығармашылық ойларын ортаға салып, көрменің бірнеше кейіпкерін таныстырды. “Ауыл мектебі” – шалғайдағы білім беру мекемелерінің зияткерлік әлеуетін көпшілікке танытуға, сондай-ақ ауыл мектептері мен оқушыларының дамуына жаңа серпін беретін бірегей шығармашылық жоба.

IMG_7125.jpg

IMG_7101.jpg

Фотокөрме «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында өтуде.
Другие новости
# Опорные школы
08.05.2025
Samsung Electronics және ФУРО Қазақстандағы ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді
Samsung Electronics Central Eurasia және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) білім беру жағдайларын жақсарту және ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары үшін білімді цифрландыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
# Опорные школы
30.04.2025
Семинар: Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту
2025 жылғы 21–29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында пәндік семинарлар өткізді
# Опорные школы
21.04.2025
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды