Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Қазақстандағы ауыл мектебі Орталық Азияда алғаш болып Google Reference School мәртебесін иеленді.

# News
25 марта, 2026

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Өрел ауылындағы мектеп Орталық Азияда алғаш болып Google Reference School мәртебесін иеленді. Бұл — білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды табысты енгізгені үшін берілетін халықаралық мойындау.

Бұл жетістік aitas foundation жанындағы Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры серіктестерімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан Digital Bala жобасының арқасында мүмкін болды. 2025 жылы Қор Google компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оның аясында Қазақстанның 14 мектебі Google for Education бағдарламасына қосылды.

Жоба аясында педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және STEM Solutions компаниясымен бірлесіп 20 тренер даярланды. Олар 240 ауыл мұғалімін оқытуға кірісті. Педагогтер цифрлық құралдарды меңгеріп, оларды сабақ барысында белсенді қолдана бастады.

Бүгінде Өрел ауылындағы мектеп оқушылары сабаққа дайындалу, зерттеу жұмыстарын жүргізу және өз жобаларын жүзеге асыру үшін жасанды интеллект пен цифрлық сервистерді, соның ішінде Gemini және NotebookLM құралдарын пайдаланады. Lenovo компаниясының қолдауымен мектепке 91 Chromebook құрылғысы беріліп, бірыңғай цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік жасалды.

Google Reference School халықаралық сертификатын табыстау үшін Өрел ауылына Google for Education компаниясының Еуропа, Африка және Таяу Шығыс елдері бойынша өңірлік жетекшісі Анна Артемьева арнайы келді.

«Google Reference School мәртебесін алған мектеп әлемдік деңгейде мойындалып қана қоймай, түрлі ресурстарға және тәжірибе мен жетістіктер алмасуға арналған жаңашыл мектептердің жаһандық қауымдастығына қол жеткізеді. Небәрі жарты жылдың ішінде еліміздің ең шалғай мектептерінің бірі Google Reference School мәртебесіне ие болды», — деп атап өтті Анна Артемьева.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының басшысы Данияр Тоқтарбаевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыруда ортақ мақсатқа жұмылған ұйымдардың серіктестігі маңызды рөл атқарды.

«Бұл жоба біздің команда мен серіктестеріміздің оған деген сүйіспеншілігі мен бірлескен еңбегінің арқасында жүзеге асты. Жобаның табысты болуы және нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін біз жолдастарымызбен күш біріктірдік», — деп атап өтті Данияр Тоқтарбаев.

Өрел ауылындағы мектеп 2019 жылдан бері aitas холдингінің білім беру бастамаларына қатысып келеді. Сол жылы мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қолдауымен ауыл мектебін дамыту» жобасына қосылды. Осы уақыт ішінде холдингтің қолдауымен мектептің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылып, педагогтер Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістемелік қолдауы арқылы біліктіліктерін жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік алды.

Google Reference School мәртебесін иелену мектеп дамуының жаңа кезеңіне айналды. Бұл жетістік бизнес, мемлекет және білім беру қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық ауыл балаларына заманауи технологиялар мен халықаралық білім беру мүмкіндіктеріне жол ашатынын көрсетеді.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.