Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Қазақстанның ауыл мектептерінің мұғалімдері Жапониядағы WALS-2025 халықаралық конференциясында өз зерттеулерін таныстырды

# News
13 ноября, 2025

2025 жылғы 10–12 қараша аралығында Жапонияның Хиросима қаласында Сабақты зерттеу жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың (World Association of Lesson Studies — WALS-2025) халықаралық конференциясы өтті. Аталған конференцияға Қазақстанның ауылдық тірек мектептерінің педагогтері алғаш рет қатысты.

Конференцияда Қазақстан атынан Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы ауыл мектептерінің 14 мұғалімі қатысты. Педагогтер ауыл мектептерінің білім беру үдерісіне Lesson Study тәсілін енгізу және дамытуға арналған өз зерттеулерін таныстырды.

Педагогтердің конференцияға қатысуына Білім беруді тұрақты дамыту қорының «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында көрсетілген жүйелі әдістемелік қолдау мүмкіндік берді. Бұл қолдауды Қазақстан атынан Сабақты зерттеу жөніндегі дүниежүзілік қауымдастыққа мүше болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы жүзеге асырады.

WALS-2025 конференциясының бағдарламасына қазақстандық педагогтердің жалпы 249 баяндамасы енгізілді. Бұл қатысушы елдер арасындағы ең ауқымды көрсеткіштердің бірі болды.

WALS — оқытудың тиімді тәсілдерін зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында жыл сайын ғалымдарды, сарапшыларды және тәжірибелі педагогтерді біріктіретін халықаралық алаң. Конференцияның негізгі бағыттарының бірі — Lesson Study әдістемесі. Бұл тәсіл аясында мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлап, өткізіп, нәтижелерін талдау арқылы оқыту әдістерін жетілдіруге және оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттыруға ұмтылады.

Қазақстандық ауыл мұғалімдерінің осындай жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияға қатысуы педагогтердің зерттеушілік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді және еліміздің ауыл мектептерінде халықаралық озық білім беру тәжірибелерін енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.