Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

БҰҰ Бас Ассамблеясы: Орталық Азия тұрақты дамудың жаңа мәндерін қалыптастыруда

# News
30 сентября, 2025

Орнықты даму саласындағы сарапшылар орнықты даму мақсаттарына жаңа тәсілдердің қажеттілігін атап өтуде
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы шеңберіндегі кездесулер апталығы аяқталды. Негізгі іс-шаралардың бірі қаржы, логистика, цифрландыру, экология және орнықты даму саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосқан Орталық Азияның орнықты дамуы туралы панельдік пікірталас болды.

Бұл алаң Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) ілгерілету үшін Ұлы Жібек жолының мұрасына сүйенетін Шығыс пен Батыс арасындағы стратегиялық көпір ретіндегі Орталық Азияның күшейіп келе жатқан рөлін көрсетті. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдері жасыл қаржы, жаңартылатын энергетика, орнықты инфрақұрылым және инклюзивті сауда саласындағы бастамаларды ұсынды.

0611_09_25_25_ New_Silk_Road_NYC.jpg

Практикалық мысалдарға ерекше назар аударылды. Осылайша, Қазақстанның ең ірі аграрлық холдингі AITAS компаниясы өзінің әлеуметтік миссиясын білім беру мен ауылдық аумақтарды дамытуға жүйелі инвестициялар арқылы жүзеге асырады. Жыл сайын Aitas Foundation ауылды қолдауға миллиондаған доллар бағыттайды. Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты еңсеру үшін Білім беру сапасын орнықты дамыту қоры құрылды, ол қазірдің өзінде $100 миллионнан астам әлеуметтік инвестиция тартты, 325-тен астам ауыл мектебін жаңартты, 6 000-нан астам педагогті оқытты және 130 мыңнан астам ауыл баласына сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етті.


«Біз ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың стратегияларын әзірлеп, енгіземіз — бұл бизнестің әлеуметтік миссиясының жаңа моделі. Олар бес жылдан бері билік, бизнес және қоғамның күш-жігерін біріктіре отырып, Қазақстанның үш ауданында жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде $70 миллионнан астам инвестиция тарта отырып, 200-ден астам жобаны жүзеге асыру мүмкін болды», — деп атап өтті панельде Білім беру сапасын орнықты дамыту қорының басшысы Данияр Тоқтарбаев.

Сонымен қатар сарапшы Орнықты даму мақсаттарының өзін де жаңаша ұғыну қажеттілігіне назар аударды:

«Біздің экономикамыз ең ірі экономикалар қатарына жатпайды және біз әрдайым жаһандық саясаттың орталығында бола бермейміз. Бірақ бізде бүгінде әлемге ресурстардан кем түспейтін нәрсе бар — ол жаңа мәндер. Мәдениеттер мен дәстүрлердің синтезінің бай тәжірибесі біздің өңірге идеологиялық теріс пікірлерден бос және байланыстарды терең түсінуге бағытталған тұтас көзқарасты ұсынуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл әлемге бүгінде бұрынғыдан да қажет болып отырған болашақтың жаңа бейнесін сыйлауға қауқарлы».

Тоқтарбаевтың пікірінше, дал осы Орталық Азия әлемге ОДМ форматындағы индикаторлардың ресми жиынтығы емес, құндылықтар жүйесі мен өмір салтына айналатын орнықты дамудың тұтас моделі мен философиясын ұсына алады.

0870_09_25_25_ New_Silk_Road_NYC.jpg
 

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.