Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Бәрін өзгерткен жыл: Қор бес жылға қойған мақсатына 12 айда қалай жетті?

# Статья
25 апреля, 2025

Өткен 2024 жыл Білім беру саласын тұрақты дамыту қорын қалыптастыру мен нығайтудың маңызды кезеңі болды.


Біріншіден, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы тұрақты дамып келеді. Бір жылда біз қосымша 56 білім беру нысанын қосып, олардың санын 135-ке жеткіздік. Осылайша 2029 жылға қойылған мақсат – Қазақстанның барлық әкімшілік аумақтарында тірек мектептер желісін қалыптастыруға бір қадам жақындауға мүмкіндік берді. Бұл бізге тірек мектептерге арналған ауқымды бағдарламаны сапалы аяқтап, олардың болашақта институт ретінде тұрақтылығын қамтамасыз ету және қорды дамытудың жаңа векторын анықтау жауапкершілігін жүктейді.


Екіншіден, соңғы 12 айдағы маңызды оқиғаның бірі Қазақстан Үкіметі бастамашы болған «Отпан» жүйесі жобасы болды, қор оған серіктесі және операторы ретінде қатысып жатыр. Жоба Маңғыстау облысындағы мектептердің базасында өсу нүктелерін құру арқылы білім сапасын арттыруға, сонымен қатар әдістемелік орталықтарды дамытуға бағытталған.


Өңірдің ерекшеліктеріне үңіле келе, біз халықтың тығыз орналасуы мен туу деңгейінің білім сапасына қаншалықты әсер ететінін, жұмсақ және қатты инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіретінін түсіндік. Елімізде сапалы адами капиталды қалыптастыру үшін бұл факторды ескеру қажет. Маңғыстау облысында жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымын, өйткені біздің күш-жігеріміз бала санының, мұғалімдердің көптігі мен мектептердің тығыз орналасуына айтарлықтай әсерін тигізіп жатыр. 


Жалпы «Отпан» жобасы бізге үлкен тәжірибе болды. Бірден екі білім беру ұйымы алғаш рет әдістемелік қолдауды жүзеге асырып жатыр. Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) 45 білім беру мекемесінің қолдауына ие болса, 5 мектеп Білім инновациялық лицейлеріне бекітілді, ол 2024 жылы жобаның серіктесі болған еді. Сондай-ақ біз ірі демеушілер: Ордабасы тобы, ҚазМұнайГаз, NCOC және «Халық» қайырымдылық қорымен жұмысымыздың жаңа бетін аштық. Мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры өзін осы компаниялар үшін лайықты әрі сенімді серіктес ретінде көрсете алды деп ойлаймын.


2024 жылы қол жеткізген үшінші маңызды жетістік - қордың қамқоршылық кеңесінің құрылуы болды. Оның мүшелерін іріктеу мәселесіне мұқият қарап, елдің болашағына бей-жай қарамайтын қоғам қайраткерлерін жинап, мықты ұжым жасақтадық.


Бұдан бөлек, өзімізге жүктелген «үй тапсырмасының» біраз бөлігін орындадық. Біз тек алға «жүгіріп» қоймай, айналамызға қарап, жобаларымызды тұрақтылық тұрғысынан бағалау мүмкіндігіне ие болдық. Біз өз философиямызды, ДНҚ мен құндылықтарымызды жариялап, бұл әлемге не береміз және жобаларымызға нені қосқымыз келетінін түсіндік. Бұл қордың алдағы 10 жылға арналған жаңа стратегиясын әзірлеуге негіз болды.


Дәлірек айтсақ, біздің құндылықтарымыздың негізін – қордың негізін қалаушы және оның бас демеушісі - Aitas холдингінен алынған ұстанымдар құрайды. Ол - Махаббат, Даналық және Жігер  метақұндылықтары. Дұрыс және салмақты шешімдерді қабылдау үшін осы сезімде болу қажет. 


Біздің барлық жұмысымызда осы ұстанымдар көрініс табады. Демеушілер тарапынан тартылған қаражаттың барлығы жобаларға, мектептерге құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алуға, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын» нәрселерге жұмсалады. Бұл біздің жобаларымыздың ашықтығын қамтамасыз еткен өте қарапайым және ашық саясат.


2024 жылы біздің қорымызға тікелей көмек көрсету туралы бірнеше өтініш түсті. Біз қазір қаражат жинау және демеушілермен жұмыс істеудің жаңа саясатын әзірлеп жатырмыз. Оны 2025 жылдың бірінші тоқсанында іске қосамыз деп үміттенеміз.


Қазір болашаққа жоспар құрып жатырмыз. 2025 жылы біздің қорымыз үшін басымдық білім беру жүйесіндегі жаңа құрылымды – Қазақстандағы тірек мектептерінің ұлттық желісін қалыптастыру болады. Былтырғы жылдың соңғы айларында осы мәселе бойынша жұмыс істедік, біздің барлық әзірлемелеріміз бен ұсыныстарымыз үкіметке жіберілді. Бұл тірек мектептердің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың тәжірибесін еліміздің басқа мектептеріне таратуды ұйымдастыру үшін қажет.


2025-2026 жылдар кезеңіне келетін болсақ, бұл қызықты кезең болады – негізгі көрсеткіштерге жоспарланған 5 жылдан да аз уақытта қол жеткізілуіне байланысты қордың жұмысы қайта құрылады. Бұл өте маңызды және қызықты жол болатынына сенімдімін.

Другие новости
# Статья
13.05.2025
Тірек мектептер - білім беру мүмкіндіктерін кеңейту құралы — Болат Жәмішев

«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларын толықтыра отырып, өмірдің негізгі салаларында қазақстандықтардың алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған. Қордың негізгі миссиясы – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда қайырымдылық көмек көрсету.


Білім беру саласындағы басым бағыттарды айқындау кезінде ауылдағы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екені белгілі болды. Соңғы жылдардағы статистика білім сапасының нашарлағанын растап отыр. 

# Опорные школы
08.05.2025
Samsung Electronics және ФУРО Қазақстандағы ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді
Samsung Electronics Central Eurasia және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) білім беру жағдайларын жақсарту және ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары үшін білімді цифрландыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
# Опорные школы
30.04.2025
Семинар: Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту
2025 жылғы 21–29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында пәндік семинарлар өткізді