Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

«Бала арманы»: ауыл балалары жайлы деректі фильм жарық көрді

# News
24 декабря, 2024
WhatsApp Image 2024-12-24 at 16.28.26.jpeg

Деректі фильм Атырау облысы, Доссор ауылыны оқушыларының армандары мен кәсіби жолдағы алғашқы қадамдары жайында баяндайды.

Елімізде 2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері, AITAS холдингі мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры бірлесе ауылдық жерлердегі тірек мектептерді дамыту жобасын іске асырып келеді. Атырау облысы, Доссор ауылындағы О. Сарғұнанов мектебі – аталмыш оқу орындарының бірі.


IMG_6649_1.jpg


Мектеп оқушылары мен STEM Academia компаниясы көпшілікке «Бала арманы» деректі фильмін ұсынды. Фильм мектеп ұстаздары мен оқушылардың өмірі, балалардың арманы мен алдағы жоспарларын баяндайды. Деректің фильмнің сценаристері, бас кейіпкерлері мен сұхбат алушылары – мектеп оқушылары. STEM Academia өкілдерінің айтуынша, бұл туындының жарық көруіне олар тек түсірілім мен фильмнің монтаждау бөліміне қолдау көрсеткен.

Мектеп оқушыларының деректі фильмге қызығушылығы оянғаны бекер емес. Биыл О. Сарғұнанов мектебі тірек мектептерді дамыту жобасына қатысу арқылы жаңадан телестудия, арт-студия сынды балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған кабинеттерге ие болды. Бұдан бөлек, аталмыш жоба аясында мектептің лабораториялары, STEM, робототехника кабинеттері толықтай жабдықталды. Оқушылар деректі фильмде осы бағыттағы жұмыстарды көрсетуді де жөн санағанын айтады.


IMG_6651 (1).jpg

IMG_6679 (1).jpg


«Мұхтар Әуезовтің "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген сөзі бар, сол үшін еліміздің бесігі – ол ауыл. Доссор ауылы – тек мұнай өндірумен ғана емес, сондай-ақ талантты әрі білім жастарды тәрбиелеуде алдыңғы қатарда көш бастап келеді. Оқушылардың мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, олардың армандарына қанат бітіру мақсатында оқушылармен бірлесе осы жұмысты жасауды жөн санадық,» - дейді STEM Academia компаниясының атқарушы директоры Залқарбек Мұраталиұлы.


Фильмді STEM Academia youtube-арнасында көре аласыздар.

http://youtu.be/q3WKjAFKDss


Другие новости
# Опорные школы
08.05.2025
Samsung Electronics және ФУРО Қазақстандағы ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді
Samsung Electronics Central Eurasia және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) білім беру жағдайларын жақсарту және ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары үшін білімді цифрландыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
# Опорные школы
30.04.2025
Семинар: Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту
2025 жылғы 21–29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында пәндік семинарлар өткізді
# Опорные школы
21.04.2025
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды