Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Maqsut Narikbayev University ауыл мектептерінің басшыларын білім беру деректерін талдау және жасанды интеллектті қолдану бойынша оқытты.

# News
20 февраля, 2026

2026 жылғы ақпан-наурыз айлары аралығында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Maqsut Narikbayev University (MNU) Жоғары гуманитарлық мектебімен бірлесіп, ауылдық тірек мектептердің педагогтері мен басқарушы кадрларының біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламасын жүзеге асырды.

Оқыту «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарламаға Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — аналитикалық ойлауды дамыту және білім беру деректеріне сүйене отырып, негізделген шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Оқу нәтижелерін талдау, оқыту үдерісін жетілдіру және мектепті басқару тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын қолдануға ерекше назар аударылды.

Бағдарлама жалпы ұзақтығы 10 сағатты құрайтын төрт тақырыптық модульден тұрды. Қатысушылар білім беру деректерін талдау және визуализациялау әдістерін, сабақ сапасы мен өздерінің педагогикалық тәжірибесін бағалау құралдарын, сыни ойлауды дамыту және ақпараттың шынайылығын тексеру тәсілдерін меңгерді. Жеке модуль жасанды интеллектті қолданудың этикалық мәселелеріне, оның ішінде дербес деректерді қорғауға, шешім қабылдауда әділдікті қамтамасыз етуге және цифрлық құралдарды жауапкершілікпен пайдалануға арналды.

Оқытуды Лейла Шора, Санжар Қалқанбай, Анна Тонких, Мархабат Рамазанова және Назым Бозымбаева сынды сарапшылар жүргізді.

Бағдарлама білім беру саласында интуицияға негізделген шешім қабылдаудан деректер мен дәлелдерге сүйенген басқару тәсіліне көшуге бағытталған. Бұл тәсіл педагогтер мен мектеп басшыларына деректерді пайдалана отырып, мәселелерді анықтауға, өзгерістерді жоспарлауға және олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Maqsut Narikbayev University арасындағы ынтымақтастық Қазақстан өңірлерінде білім сапасын тұрақты арттыруға қажетті ауыл педагогтері мен мектептердің басқарушы командаларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.