Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдері Қытайдың STEM-білім беру және цифрлық технологиялар саласындағы тәжірибесімен танысты.

# News
19 января, 2026

2026 жылғы 11–18 қаңтар аралығында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының өкілдері стратегиялық білім беру сапары аясында Қытайдың Сиань қаласына барды. Сапар Қазақстандағы ауылдық тірек мектептердің әлеуетін дамытуға бағытталған екі ұйым арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік шеңберінде ұйымдастырылды.

Сапардың негізгі мақсаты STEM-білім беру, цифрлық технологиялар және оқытудың заманауи әдістемелері саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу болды. Делегация озық білім беру тәжірибелерін Қазақстанның ауыл мектептерінің жағдайына бейімдеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Делегацияны қабылдаған тарап — 1944 жылы құрылған Қытайдың ірі педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі Шэньси педагогикалық университеті (Shaanxi Normal University, SNNU). Бүгінде университетте күндізгі оқу бөлімінде 34 мыңнан астам студент білім алады.

Сапар барысында Қор мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдері заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу тәсілдерімен және педагог кадрларды даярлау тәжірибесімен танысты. Алынған білім мен тәжірибені Қазақстандағы ауылдық тірек мектептердің білім беру ортасын одан әрі жетілдіру үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Білім беру сапары халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқартудың тиімді жолдарын іздестіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.