Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының Қамқоршылық кеңесі 2026 жылға арналған ауылдық білім беруді дамытудың басым бағыттарын айқындады.

# News
25 февраля, 2026

2026 жылғы 25 ақпанда Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, онда Қордың 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Қордың Қазақстандағы ауылдық білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жүзеге асырылған жобалардың нәтижелеріне жоғары баға берді.

2026 жылға арналған басты басымдық ретінде ауылдық тірек мектептердің ұлттық желісін институционалдандыру айқындалды. Аталған модельді одан әрі кеңейтуге, оны нормативтік-құқықтық деңгейде бекітуге және тұрақты қаржыландыру тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады.

Отырыстың маңызды оқиғаларының бірі — Қамқоршылық кеңесінің құрамына жаңа мүше, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстан халқына» қоры басқармасының бұрынғы төрағасы Болат Жәмішевтің қосылуы болды.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.