Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының Қамқоршылық кеңесінің екінші отырысы өтті

# News
16 июня, 2025

2025 жылғы 13 маусымда Астанадағы Coventry университетінде Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының Қамқоршылық кеңесінің екінші отырысы өтті.


Отырысты Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова ашып, білім беру жүйесіндегі реформаларды сараптаудың маңызын және барлық мүдделі тараптардың мүмкіндіктері біріктіру арқылы тұрақты нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.


Күн тәртібінде Қор қызметінің негізгі бағыттары қаралды:


1. Қордың қызметі мен нәтижелері

Қор директоры Данияр Тоқтарбаев өткен кезеңдегі жүзеге асырылған жобалар мен қол жеткізген нәтижелер туралы есеп берді. Қатысушыларға педагогикалық даярлық, цифрландыру және білім беру саласындағы инновациялық бастамаларды қолдау бағытындағы негізгі нәтижелер таныстырылды.


2. Қор трансформациясы

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Данияр Тоқтарбаев Қорды білім беру бастамаларын қолдауға арналған икемді әрі серпінді платформа ретінде қайта құру жөніндегі стратегиялық көзқарасын ұсынды. Ол әріптестіктерді кеңейту, қаржыландыру көздерін әртараптандыру және Қордың елдегі адами капиталды дамытудағы рөлін күшейту қажеттігін баса айтты.


3. Орта білім беру саласын құндылықтар негізді дамыту

Мектеп оқушыларының құндылықтық бағдарын қалыптастырудағы жүйелі тәсілдерді талқылауға ерекше назар аударылды. Қор директоры ұлттық бірегейлікті, азаматтықты және жаһандық құзыретті бейнелейтін бірыңғай құндылықтар негізін қалыптастырудың тұжырымдамаларын таныстырды.


4. Қамқоршылық кеңесінің хатшысын сайлау

Ашық талқылаудың қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңесінің жаңа хатшысы сайланды. Кеңес төрайымы Күләш Шәмшидинова кеңес мүшелеріне белсенді атсалысқандары үшін алғысын білдіріп, сараптамалық қауымдастық ішіндегі тиімді коммуникацияның маңыздылығын атап өтті.


Отырыс соңында қатысушылар кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды талқылап, Қор қызметін стратегиялық тұрғыда сүйемелдеу үшін тұрақты жұмыс кездесулерінің маңызын атап өтті.