Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының ауыл мектептерін дамыту жобасы әлемнің ең үздік 100 білім беру инновациясының қатарына енді
# News
13 ноября, 2025
Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға арналған қазақстандық жоба халықаралық деңгейде масштабтауға ұсынылған әлемнің ең үздік 100 білім беру инновациясының тізімі — HundrED Global Collection 2026-ға енді.
Жобаны Ақтөбе облысында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімдігінің, «Қазақстан халқына» қорының және басқа да серіктестердің қолдауымен іске асырып жатыр.
Жыл сайын Финляндияда орналасқан HundrED халықаралық коммерциялық емес ұйымы бүкіл әлемнен ең тиімді және масштабталатын білім беру практикаларын іріктейді. 2025 жылы 70 елден 800-ден астам өтінім түсті. 250 маманның 3000-нан астам рецензиясын қамтыған сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша ең үздік 100 инновация анықталды, олардың қатарына Қазақстаннан жоба да енді.
Бұл қазақстандық білім беру бастамасының HundrED жаһандық коллекциясына енуінің екінші жағдайы. Бұған дейін, 2019 жылы, халықаралық мойындауға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы ие болды.
ФУРО жобасының негізінде шағын жинақты мектептерді дамытудың кешенді тәсілі жатыр, ол цифрлық білім беру шешімдерін енгізуді, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруды және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуды қамтиды. Бастаманы іске асыруда мемлекет, бизнес және қоғамның өзара іс-қимылы ерекше рөл атқарады, ол қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған.
Әзірленген модельдің тиімділігі жоба географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасымен Ақтөбе облысының тәжірибесі еліміздің тағы екі өңіріне таратылады.
HundrED халықаралық мойындауы қазақстандық білім беру практикаларының әлеуетін растайды және оларды одан әрі таратуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Келесі маңызды қадам осындай шешімдерді жүйелі түрде енгізу болмақ, сонда сапалы білім әрбір ауыл баласына тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді болады.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.