Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының жобасы ауыл мектептерінде білімнің қолжетімділігін арттырғаны үшін EduEvidence 2026 қола сертификатына ие болды.

# News
20 июня, 2026

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан «Enhancing Rural Schools with Digital Solutions» («Цифрлық шешімдер арқылы ауыл мектептерін дамыту») жобасы білім беру инновацияларын бағалаудың халықаралық EduEvidence 2026 жүйесінің Equity («Білім берудегі теңдік пен қолжетімділік») санаты бойынша қола сертификатына ие болды.

Бұл халықаралық мойындау заманауи цифрлық технологияларды пайдалану арқылы Қазақстандағы шағын жинақты ауыл мектептерінде білім сапасын арттыруға бағытталған жобаның тағы бір маңызды жетістігі болды.

EduEvidence білім беру бастамаларын олардың тиімділігін растайтын дәлелдер негізінде бағалайды. Бағалау әдіснамасының негізінде нәтижелілік, этикалық аспектілер, экологиялық тұрақтылық және білім берудегі мүмкіндіктер теңдігін ескеретін 5Es жүйесі жатыр.

Қазақстандық жоба атап өтілген Equity санатының маңызы ерекше. Бұл санат тұрғылықты жері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, әрбір баланың сапалы білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге басымдық береді.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының Ақтөбе облысындағы жобасы цифрлық білім беру шешімдерін енгізу, педагогтердің біліктілігін арттыру және білім беру ортасын жетілдіру арқылы шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамытуға бағытталған.

EduEvidence 2026 қола сертификатын иелену жобада қолданылған тәсілдің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетіп, Қазақстандағы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы теңсіздікті қысқартуға бағытталған жүйелі жұмыстың маңыздылығын айқындады.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.