Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Digital Almaty Awards 2025: ауыл мектептерін қолдау жобасы үздік бастама атанды

# News
31 января, 2025

WhatsApp Image 2025-01-31 at 16.00.34.jpeg


Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) “ESG және тұрақты даму саласындағы бастамалар” санатында беделді Digital Almaty Awards 2025 жеңімпазы атанды. Ауыл мектептерінің дамуына қосқан үлесі үшін Қор директоры Данияр Тоқтарбаевқа марапатты БҰҰ ЭСКАТО АКТ департаментінің (ESCAP) директоры Тициано Бонопачи табыстады.


Аталған номинацияда ESG қағидаларына негізделген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған сегіз жоба бақ сынады. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жеңімпаз атанды. Аталмыш жоба Қазақстанда іске асырылып келе жатқан ең ірі мемлекеттік емес білім беру бастамасы. Бағдарлама қала және ауыл оқушылар арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Жоба аясында ауыл мектептері жаңғыртылады, ұстаздардың кәсіби біліктілігі арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, мыңдаған балаға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.


WhatsApp Image 2025-01-31 at 17.13.24.jpeg


«Жоба 2019 жылы AITAS холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаевтың бастамасымен бес ауылдық мектептен басталды. Ал 2025 жылдың соңына қарай «Қазақстан халқына» қоры, Назарбаев Зияткерлік мектептері және ҚР Үкіметінің қолдауымен Қазақстанның ауылдары мен моноқалаларындағы 200 мектепті қамтимыз. Бизнес, қоғам және мемлекет серіктестігінің арқасында бүгінде Қазақстанның ең шалғай ауылдарының оқушылары сапалы білім алуға қол жеткізуде”, – деді ФУРО директоры Данияр Тоқтарбаев.


Жоба аясында мектептерде робототехника, STEAM, өнер және ТВ-студия кабинеттері ашылып, интернет сапасы жақсарып, цифрлық технологияларды қолдану арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болуда.


ФУРО директоры атап өткендей, Қордың барлық жобасы жеке қайырымдылық қаражаты есебінен қаржыландырылады және тек мемлекеттік мектептерді қолдауға бағытталған.


Digital Almaty Awards 2025цифрландыру саласындағы үздік жетістіктерді марапаттайтын дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық. Биыл марапаттар сегіз номинация бойынша берілді.

Другие новости
# Опорные школы
08.05.2025
Samsung Electronics және ФУРО Қазақстандағы ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді
Samsung Electronics Central Eurasia және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО) білім беру жағдайларын жақсарту және ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары үшін білімді цифрландыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
# Опорные школы
30.04.2025
Семинар: Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту
2025 жылғы 21–29 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы ауылдық жерлердегі тірек мектептерді қолдау жобасы аясында «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында пәндік семинарлар өткізді
# Опорные школы
21.04.2025
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды