Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Елордада ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив өтті

# News
29 марта, 2025

WhatsApp Image 2025-03-28 at 16.38.20.jpeg


Елордада ауылдық тірек мектептері мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты алғашқы республикалық интенсив өтті. Шараны Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырды.


Ауқымды педагогикалық жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарушы директоры Серікбек Елшібеков және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.


IMG_3484.JPG


Мұғалімдермен кездесу барысында NIS Басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің бірі – қала мен ауыл арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту қажеттігін еске салды.


– Мемлекет басшысы бұл алшақтықтың басты себептерінің бірі ретінде ауылдық жерлердегі білікті педагогтердің тапшылығын атап өткен болатын. Осы жағдай NIS-тің ауыл мектептерін қолдауға арналған ауқымды жобасын бастауға түрткі болды. Егер жобаның бастапқы кезеңінде тек 5 мектеп қамтылса, қазір олардың саны 135-ке жетті. Ал жыл соңына дейін 200-ге жуық ауыл мектебін қамту жоспарымызда бар. Сондай-ақ тірек мектептердің мұғалімдері заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Кәсіби ұстаз» онлайн платформасы арқылы басқа өңірлердегі әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасуды жолға қойған, – дейді Жанбота Жетілбекқызы.


486860773_18077829475665517_2686472088302617111_n.jpg


Ауыл мектептерін дамытудағы тірек мектептердің маңызы туралы Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова да ерекше атап өтті: 


– Бұл жобаның екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі – заманауи стандарттарға сай сапалы білім беру, ал екіншісі – оқушыларда болашақта қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Тірек мектептер тек жақсартылған инфрақұрылымның арқасында ғана емес, адами капиталды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде де даму ортаығына айналып отыр. Олар өз айналасындағы басқа ауыл мектептерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етуде.


NIS командасы ауылдық тірек мектептердің 500-ге жуық директоры мен пән мұғалімдеріне арналған мазмұнды бағдарлама әзірледі. Алдағы екі күн ішінде қатысушылар шеберлік сабақтары арқылы өздерінің идеялары мен тәжірибелерін ортаға салады. Жиын барысында мұғалімдер бірнеше маңызды бағыттарды талқылайды. Атап айтқанда, функционалдық және оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді стратегиялар, мәтінді терең талдауға негізделген шағын жобалардың маңызы, STEM-технологияларын пәндік оқытуға енгізу тәсілдері, сондай-ақ өмірлік жағдаяттарға бейімделген тапсырмаларды құрастыру жолдары сөз болады.


IMG_3481.JPG


Айта кетейік, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» негізгі рөлі – педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету. Бұл бағыт аясында мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктерін анықтау, сабақтарға қатысып, бақылау жүргізу және кері байланыс беру, оқыту курстарын ұйымдастырып, өткізу, оқыту аяқталғаннан кейін де әдістемелік қолдау білдіру, оқушылардың әл-ауқатына байланысты мәселелерді бірлесе шешу, сондай-ақ мұғалімдердің Зияткерлік мектептер базасында тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасау секілді маңызды міндеттер көзделген.


WhatsApp Image 2025-03-28 at 16.38.22.jpeg


Жобаның ауыл мектептерін дамытудағы оң әсерін көрсететін жарқын мысалдардың бірі – Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы №1 тірек мектебі. Оқу ордасының мұғалімдері түрлі білім беру байқауларына белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Сондай-ақ өз тәжірибелерін республикалық деңгейде бөлісуде.


487083650_18077829466665517_8428769981465134857_n.jpg


Информатика пәні мұғалімі Маржан Аханова қазіргі таңда мұғалім үшін кәсіби дамудың мүмкіндіктері шексіз екенін айтады. Оның пікірінше, қазіргі заманғы мектептер тек білім беріп қана қоймай, оқушы мен ұстазға шабыт береді.


– Шәкірттеріміз республикалық және халықаралық байқауларда жеңіске жетіп, білім гранттарын иеленіп жүр. Соңғы үш жыл қатарынан мектебіміз облыста «Үздік олимпиадалық команда» атағын алып жүр. Ал менің «Қазақстан ұстазы» ұлттық сыйлығының 50 финалисі қатарына енуім – осы жобаның арқасында туған мүмкіндіктердің нәтижесі, – деп атап өтті Маржан Аханова.


Еске сала кетейік республикалық интенсив «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл қайырымдылық бастама Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының серіктестігімен жүзеге асуда. 


WhatsApp Image 2025-03-28 at 16.38.22 (1).jpeg

Другие новости
# Опорные школы
21.04.2025
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды

# Статья
14.04.2025
«Шағын мектептердегі үлкен өзгерістер» – Ералы Тоғжанов

Соңғы жылдары халық ауылдан көшіп жатыр. Ауылдан адам неге кетеді? Ең алдымен халыққа қолайлы жағдай болмаған соң кетеді. Кетіп жатқандардың 60% жастар. Мысалы, Ақтөбенің өзінде 2020, 2021 2021 жж. 17 мың адам ауылдан көшіп кеткен. Адам ауылдан кеткенімен ондағы проблема шешілмейді, керісінше мәселе туындайды. Түбінде ол ауылдың мектебі жабылады, тұрмыстық жағдайы құлдырайды, көп ұзамай ауыл да жабылады. Бір жылдың ішінде елде 75 мектеп жабылып жатыр. 

# News
08.04.2025
Ұстаз жетіспеушілігі: Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында мәселе қалай шешімін тауып жатыр?
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры қамқоршылық кеңесі төрағасы Күләш Шәмшидинова Ақтөбе облысындағы ауыл мектептеріне барды