Қостанай облысындағы ауыл мектебінің мұғалімдері NIS Conference 2025 көрермендер дауысы бойынша ТОП-10-ға енді
# News
30 октября, 2025
Астанада Назарбаев Университетінің базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы — NIS Conference 2025 өтті. Екі күндік білім беру форумы «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: негізгі трендтер мен сын-тегеуріндер» тақырыбында ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шара 1500-ге жуық қатысушыны біріктірді, олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Австралия және басқа елдерден келген жетекші педагогтар, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар бар. Қатысушылар жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізуді, білімді бағалаудың заманауи тәсілдерін және мектептердің цифрлық трансформациясын талқылады. Адами капиталға инвестиция салуға және ғылымды мектеп білімімен ықпалдастыруға ерекше назар аударылды.
Конференцияның айшықты жетістіктерінің бірі — Қостанай облысындағы Амангелді жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері Раушан Ағажанова мен Жұлдыз Батпанаеваның зерттеу жобасының танылуы болды. Олардың «Қазақ тілінде оқытатын сыныптарда сөйлеу дағдыларын дамыту тәсілі ретінде диалогтік тренажер (7Т2)» атты жұмысы көрермендер дауысы бойынша ТОП-10-ға енді.
Жоба оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған және заманауи білім беру құралдарының ауыл мектептеріндегі әлеуетін көрсетеді. Педагогтардың халықаралық конференцияға қатысуы өз тәжірибесін кәсіби қауымдастыққа таныстыруға және өз әріптестерімен практикалық алмасу жасауға мүмкіндік берді.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.