Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша пилоттық жобаның есебі ресми ISBN алды

# News
15 января, 2025
WhatsApp Image 2025-01-15 at 15.10.04.jpeg

2024 оқу жылында Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры серіктестерімен бірге Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептерін дамыту бойынша пилоттық жобаны сәтті аяқтады.

Жобаның қорытындылары арнайы есепте жинақталып, оған халықаралық стандартты кітап нөмірі ISBN берілді. Бұл мәртебе есептің аналитикалық және әдістемелік құжат ретінде жоғары сапасы мен маңыздылығын растайды.

ISBN әрбір жарияланған авторлық кітапқа, әдістемелік құралға беріледі және оның әлемдік каталогтардағы сәйкестендірілуіне қызмет етеді. Сонымен қатар, бұл нөмір авторлық құқық иесі мен баспагерді анықтауға көмектеседі.

Біз есептің білім беру жүйесіне инновацияларды енгізу және табысты тәжірибелерді тарату үшін құнды құрал болатынына сенімдіміз.

Жобаға үлес қосқан барлық серіктес пен қатысушыға алғысымызды білдіреміз. Болашақта да жемісті ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеміз.


Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.