Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Шығыс Қазақстанда ауыл мектептерін дамытуға арналған республикалық интенсив өтті.

# News
16 апреля, 2026

2026 жылғы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Абай атындағы орта мектеп базасында «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» атты республикалық әдістемелік интенсив өтті.

Іс-шараға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен педагогтер, мектеп басшылары және білім беру саласының мамандары қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ауылдық білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдерін талқылады.

Интенсивтің маңызды сәттерінің бірі — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Қазақстанның мемлекет қайраткері Күләш Шәмшидинованың Абай атындағы орта мектеп ұжымына жолдаған алғыс хатын табыстау рәсімі болды. Алғыс хатты мектеп директоры Назым Ниязбекқызы қабыл алды.

Алғыс хатта педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі, үздіксіз дамуға деген ұмтылысы және мектептің өңірде озық білім беру тәжірибелерін таратуға қосқан үлесі атап өтілді.

Сондай-ақ өз оқушыларына сапалы білім берумен қатар, басқа ауыл мектептері үшін әдістемелік қолдау мен тәжірибе алмасу орталығына айналып отырған тірек мектептердің рөліне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу ауыл педагогтерінің кәсіби қауымдастығын нығайтуға және тиімді білім беру тәжірибелерін кеңінен таратуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Другие новости
# Тірек мектептер
20.10.2026
Ұлттық ауыл тірек мектептері желісі: Ақмола облысында ауылдағы білімі деңгейі қалай дамып жатыр?
Ақкөлде Ақмола облысының тірек мектептерінің директорлары конференциясыға жиналып, стратегиялық сессияға қатысты
# News
10.10.2026
Сабыржан Кеншілік Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
aitas foundation құрамына кіретін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды. Қор басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын басқарған Сабыржан Кеңшілік тағайындалды.
# Тірек мектептер
01.10.2026
Қазақстанның тірек мектептері 194 млн теңгеге спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның үш ауылдық тірек мектебі «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында барлық жүлделі орындарды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектептер жалпы құны 194 млн теңгені құрайтын жаңа спорт нысандарына ие болады.