Құрметті пайдаланушылар, сайт сынақ режимінде жұмыс істейді. Ақпарат толықтырылуда.

Powered by NIS ауыл мектебі

Жобаның мақсаты: заманауи оқыту технологияларын беру арқылы мектептерді кешенді дамыту және білім беру үдерісі үшін қолайлы функционалдық жағдайлар жасау.

Қазақстанда мектептердің шамамен 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан және олардың жағдайы қалалық оқу орындарынан едәуір төмен. Халықтың ауылдардан кетуі бұл мәселені күшейтіп, ауыл мектептеріндегі балалар санының азаюына, білім сапасының төмендеуіне және қала мен ауыл арасындағы алшақтыққа әкеледі. 2019 жылғы жағдайды талдау мектептердің жеткіліксіз жабдықталуы, оқыту үшін ресурстардың шектеулілігі және оқытудың заманауи әдістемелерінің болмауы ауылдық аймақтарды дамытуға елеулі кедергілер тудыратынын көрсетті.

AITAS холдингі және оның негізін қалаушы Серік Толықпаев осы теңгерімсіздіктерді жоюдың маңыздылығын түсінді. Ауылдық аймақтарды дамытпай елдің тұрақты дамуы мүмкін еместігін түсіне отырып, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыруға баса назар аудару туралы стратегиялық шешім қабылдады. Бұл әлеуметтік тұрақтылықтың, мүмкіндіктер теңдігінің және жеке тұлғаның дамуының негізі болғандықтан, қордың жұмысының негізгі бағыты ретінде таңдалды. Осылайша «Powered by NIS ауыл мектебі» жобасы пайда болып, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үш мектепті қолдауды қамтыды, олардың арасында екі мектеп Катонқарағай ауданында болды. Серік Толықпаев пен AITAS холдингі барлық бес оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін қаржылық қолдау көрсетті.

Алайда, білім беру сапасын жақсарту тек материалдық емес, сонымен қатар әдістемелік қолдауды қажет ететіндігі туралы түсінік болды. Сондықтан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен келісімге қол жеткізілді, ол тегін әдістемелік қолдау көрсетіп, өз тәжірибесін бере бастады. Бұл тәсілдің тиімділігі жобаны кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жобаны қаржыландыру

2019-2024 жылдар аралығында қордың құрылтайшысы Серік Толықпаев пен Aitas холдингі 5 ауыл мектебін жаңғыртуға 800 млн теңге бөлді.

2023-2024 жылдар аралығында «Казцинк» ЖШС Риддер қаласындағы орта мектептің кешенді даму бағдарламасының екі кезеңін 500 млн теңгеге қаржыландырды. 2025 жылға үшінші, соңғы кезең жоспарланған.

мұғалімдердің біліктілігін арттыру
ауыл мектептерінің материалдық базасын жаңарту
білім беру сапасын жобадан кейінгі сүйемелдеу және мониторингілеу
жөндеу жұмыстары
Жобаны қамту
2262106.png
6
мектеп
1441029.png
4 200
оқушы
1441032.png
411
оқытылған педагогтер
кабинет.png
163
жаңартылған кабинеттер
5935220.png
864
әдістемелік іс-шаралар
Жоба серіктестері
Академиялық серіктестер
Жоба демеушілері
Жоба тарихы
2019
Қазақстандағы 3 ауыл мектебін жаңғырту
2021
Шығыс Қазақстан облысындағы 4 ауылдық мектебі және Ақмола облысындағы 1 мектебі жобаға қатысты
2022
AITAS холдингі ауыл мектептері үшін Білім беру саласын тұрақты дамыту қорын құрды
2023
Жобаға Риддер орта мектебі қосылды. Демеуші «Казцинк» ЖШС құрал-жабдықтарды жаңартуды, мұғалімдерді оқытуды және мектеп ғимаратын күрделі жөндеуді 3 кезеңде қаржыландырды
2024
Жобаға Шығыс Қазақстан облысының 5 ауылдық мектебі мен Ақмола облысының 1 мектебі қатысуда. Жоба аясында жалпы саны 163 оқу кабинеті жаңартылды. Сондай-ақ, 6 мектепте 4200-ден астам оқушы қамтылып, 400-ден аса педагог арнайы оқытудан өтті
Мектеп картасы
Елді мекен
Мектеп атауы