Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру
Бұл жоба тірек мектептердің әлеуетін дамытуға бағытталған. Ол үздік оқыту әдістері мен технологияларын енгізу, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау, сондай-ақ мектептерге әдістемелік қолдау көрсету арқылы білім сапасын арттыруды көздейді.
2022 жылы шілденің 14-і Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры Назарбаев зияткерлік мектептері, «Қазақстан халқына» қоры және AITAS холдингімен бірлесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Осылайша «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асырды.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Білім беруді тұрақты дамыту қоры жобаның ауқымын 5 мектептен 22 мектепке дейін ұлғайтып,еліміздің жаңа аудандарында білім беру жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырды.Нәтижесінде Қордың стратегиялық даму жоспары негізінде 17 тірек мектеп жетілдірілді. 2023–2025 жылдары жобаға тағы 171 тірек мектеп қосылды.
2019–2025 жылдар аралығында 193 мектеп біріктірілген білім беру желісі құрылып, оларға заманауи үлгідегі 6800 оқу кабинеті жабдықталды.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 64,7 млрд теңге әлеуметтік инвестиция тартылды.
Қазақстанның ауыл мектептеріне Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды
Новости 1 - 6 из 7
Начало | Пред. | 1 2 | След. | Конец