«Бізге білім беру экожүйесін құру үшін барлық мүдделі тараптың басын қосатын алаңдардың болуы маңызды. EdCrunch – еліміздегі ең үздік кеңістіктің бірі, біз оны бірнеше жылдан бері қолдап келеміз», – дейді Серік Толықпаев.
«10 жыл ішінде конференция білім беру мәселелері бойынша Орталық Азия мен жақын шетелде теңдессіз алаңға айналды. Биылғы конференцияның басты тақырыбы –барлығына бірдей, сапалы қолжетімді білім. Бұл біздің қорымыздың миссиясымен де сәйкес келеді. EdCrunch-ке бүгін ауыл мектептерінен жүзден астам өкіл келіп отыр, тағы мыңға жуық ауыл мұғалімі конференцияға онлайн қатысады. Олар дәл осы алаңнан ауылдағы білім сапасын жақсарту бойынша тың идеялар алып қайтады деп сенемін», – дейді Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.