Қор 2022 жылдың жұмысын қорытындылап, 2023 жылға арналған жоспарды талқылады.
Қор былтыр екі білім беру жобасы бойынша ауқымды жұмыс тындырды. «Powered by NIS ауылдық мектебі» жобасы аясында бес мектепті «Айтас» холдингінің бас демеушісі және оның негізін қалаушы Серік Толықпаевтың қаражатына жарақтандыруды жалғастырды. Жобаның үшінші кезеңінде бастауыш сыныптар мен география кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту қамтылды.
«Биыл мектептердің қажеттіліктеріне сай қосымша білім беру кабинеттері үшін жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр. Бұл ең алдымен SТЕМ-зертханалар, арт-студиялар және керамика шеберханалары. Сонымен қатар Ұлан ауданындағы Р. Мәрсеков атындағы мектептің бастауыш сыныптары мен география кабинеттері жаңартылады», – деді жоба менеджері Сырым Қайсарбеков.
Қордың екінші білім беру жобасы – «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» – «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен іске асырылды, сондай-ақ оған Beeline Қазақстан компаниясы демеуші болды. Бірден жоғары нәтиже көрсеткен жоба Қазақстанның 17 өңірін қамтыды, осыған байланысты екі Қор мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің басшылығы биыл еліміздің тағы 62 ауылдық мектебін қамтуды жоспарлап отыр.
Білім беруді тұрақты дамыту қорының портфелі оқушылар мен мұғалімдерді ынталандыруға, бейресми білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ оқыту сапасын сырттай бағалауға бағытталған жаңа жобалармен толықтырылды.
«Биыл серіктестік жобалардың санын арттырдық. Біз Roboland робототехника фестивалінің ресми серіктесі – EdCrunch-тың ең ауқымды конференциясының тең ұйымдастырушысы боламыз. Қазір біздің мамандар өз жылыжайларын салатын мектептердің тәжірибелерін зерттеп жатыр», – дейді Қордың директоры Данияр Тоқтарбаев.
Бұдан басқа биыл Қордың қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгерту және сараптамалық кеңесті құру жоспары бар.