Жаңалықтар ФУРО

Шәуілдірде Ө. Жәнібек атындағы лицей-интернаттың таныстырылымы болады

6 ақпан күні Түркістан облысы, Шәуілдір ауылындағы №4 Ө.Жәнібеков лицей-интернатында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы таныстырылады.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында оқу кабинеттері, STEM лаборатория мен телестудия жабдықталған.

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандарының қатысуымен мектептегі білім беру мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Талдау нәтижелері негізінде арнайы ұсыныстар әзірленіп, ұстаздарға қажетті біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.

Шара «Ашық есік күндері» форматында өтеді.