«Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ қызметкерлері және жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мамандары мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау жұмыстарын аяқтап, мектепті тірек ретінде дамыту жөнінде ұсыныстарды қалыптастырды. Ұсынымдардың негізінде мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстары құрылды. Педагогикалық құрам үшін НЗМ, БББО және ПШО-ның жаттықтырушыларын тарта отырып оқыту 2023 жылдың ақпанына дейін жоспарланып отыр, аяқталғаннан кейін мектеп 2025 жылға дейін үш жылдық әдіснамалық сүйемелдеуге көшеді.
Мектеп директоры Жарқын Үркімбаевтың айтуынша, бұл мектептің соңғы 15 жылдағы алғашқы ірі жаңаруы.
«Мектепте тіпті атмосфера өзгерді. Жобаның бастапқысында мұғалімдер бұған сенбеген еді. Содан кейін НЗМ-ге оқуға барды, қайтып келгенде оларды сыныптарда жаңа жабдықтар күтіп тұрды. Сол сәттен бастап шабыттанды. Қазір әр мұғалім сабақты ерекше қылып өткізгісі келеді, ойын ойнатып, оқушыны қызықтырады», – деді ол.
Мектепте 26 оқу кабинеті жаңартылды, STEM зертханасы мен телестудия пайда болды, спорт және мәжіліс залы жабдықталды. 250 млн теңгеге жуық қаржыландыру «Қазақстан Халқына» қоры аясында жүзеге асырылды. Beeline Kazakhstan компаниясы жобаға донор болды.
«Марқакөл мектебі – біздің тізімдегі бесінші мектеп. «Қазақстан Халқына» қоры арқылы Beeline қаражатына барлығы еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі сегіз мектеп жаңартылып, жабдықтармен және заманауи сыныптармен жарақтандырылатын болады. 2020 жылдан бастап серіктестермен бірлесіп, біз «250+» жобасын іске асырып жатырмыз, соның арқасында Beeline мобильді интернеті мен байланысы 1500-ден астам ауылда пайда болды. Енді осы ауылдардың тұрғындарының интернетке деген қолжетімділігі қаламен тең болды. Тірек мектептерді дамыту жобасы ауыл балаларының сапалы бәсекеге қабілетті білімге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, тең мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді. Сондықтанда Beeline Қазақстан осы маңызды бастаманы қуана қолдайды», – дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
«Біздің қор тірек мектептерді дамытумен айналысады. Бүгінгі таңда жоба Қазақстанның 17 облысын қамтып отыр, онда 13 мыңға жуық бала оқиды және 2 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Сондай-ақ оқыту бағдарламасын «НЗМ» ДББҰ жобасының серіктесі өтеусіз негізде жүргізетінін, барлық операциялық және әкімшілік шығыстарды жобаның операторы – ББТДҚ AITAS холдингінің демеушілік қаражаты есебінен өзіне алатынын атап өткім келеді», – деді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.
Ең бастысы – бұл жаңашылдықты оқушылар жоғары бағалады. Енді олардың жанарларынан құлшыныс байқалады, яғни оқу үшін кезекті ынта пайда болды. 10-сынып оқушылары Аружан Қабдуали мен Еңлік Саматова айтқандай: «Бізге STEM зертханасы мен телестудия әкеліп, орнатқанда, өз көзімізге сене алмадық. Біз осыдан қамқорлықты сезіндік. Бізге осындай мүмкіндіктердің берілгеніне қуанамыз! Бүгінде мұндайды кез келген қалалық мектепте кездестіре алмайсыз, ал бізде, Марқакөлде бар!».