Білім беруді тұрақты дамыту қоры, «Қазақстан халқына» қоры мен Назарбаев зияткерлік мектептері «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының екінші кезеңі басталатынын хабарлайды. Биыл жобаға 63 мектеп қатысып, мемлекетіміздің 80 өңірін қамтиды.
2022 жылы Қазақстанда «Тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы бастау алды. Жоба бизнес, мемлекет пен қоғамды бірлестіріп, ауыл мектебі мен қала мектебі арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Негізгі мақсат ең үздік педагогикалық тәжірибе енгізу және тірек мектептерді қажет материалды- техникалық базамен қамтамасыз ету.
Жоба аясында мектеп мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығында арнайы курстарынан өтіп, 17 аудан мектебінде кабинеттер толықтай жаңартылды. Сонымен қатар мектептердегі білім сапасына мониторинг жасалды. Бұл жобаның алғашқы кезеңінде атқарылған жұмыстар.
2023 жылы жобаның екінші кезеңі үшін «Қазақстан халқына» қоры 15,750 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Қаражат жобаға қатысушы 63 мектептегі 2000-нан астам кабинетті жаңартуға жұмсалады деп жоспарланды. Қатысушы мектептерді іріктеу Білім беруді тұрақты дамыту қоры жауапты органдармен бірге жүзеге асырылды.

«Оқыту бағдарламасын бастамас бұрын әр мектепке мониторинг жасалады. Мониторинг арқылы мұғалімдер мен оқушыларды қай бағытта дамыту тиімді, қандай көмек қажет, т.д. мәселелер толығымен қарастырылады. Нәтижесінде аймақтық НЗМ-де оқыту курстары, ауыл мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы ұйымдастырылады», - дейді Данияр Тоқтарбаев.
Одан кейін үш жыл көлемінде Назарбаев зияткерлік мектептері ауылдық мектептерге әдістемелік қолдау көрсетеді. Әр жыл аяқталған сайын 4 және 8-сыныптардың білім сапасы тексеріліп отырады.
Мектептердегі пән кабинеттерінен бөлек заманауиSTEM-зертханалар, телестудия жасақталады. Онда оқушыларға креатив видео жасап, мультфильмдер түсіруге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар әр мектепте робототехника кабинеті де ашылады.
Білім беруді тұрақты дамыту қорының операциялық шығынын AITAS холдингі және оның негізін қалаушы Серік Толықпаев өтейтінін айта кеткен жөн. Ал Назарбаев зияткерлік мектептері оқыту бағдарламасын тегін өткізеді. «Қазақстан халқына» қоры мектептерді жабдықпен қамту жұмыстарын қаржыландырады.

Екінші кезең қорытындысы бойынша 45 мыңға жуық ауыл баласы білім сапасы, контенті, методикасы жағынан қаланың алдыңғы қатарлы мектептерінен кем түспейтін мектептерде оқитын болады.
«Бұл Қазақстанда тірек мектептер жүйесін құрудағы тағы бір қадам. Олар көрші ауыл мектептеріне ресурс орталығына және аудан көлемінде білім беруді дамыту нүктесіне айнала алады», - деп түйіндеді Білім беруді тұрақты дамыту қорының жетекшісі Данияр Тоқтарбаев.