


Мектептің тұсаукесері салтанатына «Қазақстан халқына» Қоры Басқармасының төрағасы Болат Жәмішев қатысты. «Еліміздің 20 өңіріндегі көшпелі кездесулерде және азаматтық қоғам өкілдерімен өткізген онлайн жиындарда ауылдағы білім саласын қолдау туралы ұсныстар айтылды. Ауыл білімі дегенде, ең алдымен, тірек мектептерді қолдауымыз қажет. Олар жақын маңдағы мектептерге демеу болмақ. Ауыл оқушылары қалалық балалар секілді мүмкіндіктерге ие болуы тиіс. Сондықтан бұл “Қазақстан халқына” қорының ауылдық тірек мектептерді дамыту жөніндегі алғашқы жобасы. Мектеп барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, НИМ әлеуеті мен ресурстары арқылы ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелері мен әдістемелерін үйрететін болады” - деді Болат Жәмішев.

Жобаға бөлінген - 4,25 млрд теңге - 17 мектеп арасында, әрқайсысына 250 млн теңге болып бөлінеді. Бұл сомманың жартысына жуығын - 2 млрд теңгені демеушілердің бірі - Beeline Kazakhstan қамтамасыз етті.

Тұсаукесер барысында қонақтар мен БАҚ өкілдеріне дәріс өткізіле басталған түрлі сабақтар бойынша заманауи жабдықталған, жаңаланған кабинеттер көрсетілді. Жаңашылдықтың арасында – бейнеқабырға және ақпараттық киоск, арт-студия, онлайн-сабақтар мен шеберлік-сағаттар жазуға арналған телестудия, шеберханалар бар. Қазірден бастап сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрал-жабдықтарды, көрсетілім материалдарын қолданумен өткізулуде. Сонымен қатар мектепке дейінгі балаларға арналған арнайы кішігірім орталық ұйымдастырылған.



Зияткерлік мектептер алаңында мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қызметкерлеріне арнайы стажировкалар өткізіледі. Бүкіл процесс әдістемелік қолдаумен қатар жүргізіледі, ол дегеніміз семинарлар, вебинарлар, стажировкалар, шеберлік сабақтар мен практикумдар, сабақтың тиімділігін арттыру үшін сандық (цифрлық) және оқыту ресурстарын енгіземіз” – деп атап өтті НЗМ ДББҰ басшысы Күләш Шамшидинова.