«Біз тірек мектептерді серіктестерімізбен бірге бірнеше сала бойынша дамытудамыз. Жоба бірінші кезекте ауыл балаларына берілетін білім сапасын арттыруға бағытталған. Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, тірек мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл әдістемелік қолдау алдағы 3 жыл бойы жалғасады», – деді Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының басшысы.
«Біз ғылыми-техникалық прогреске жақын, интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындамыз. Бүгінгі мектептің құрал-жабдықтарының барлығы дүниежүзілік тенденцияларға сәйкес келеді. Қазір әлем бойынша жасанды интеллект пен роботтандыру үлкен ауқым алып бара жатыр. Осындай кезеңде біз экономикалық дамудың жаңа нүктесін жасап, балаларымызға жаңа технологиялық жетістіктерге сай білім беруіміз керек», – деді Ерлан Саиров.