Жаңалықтар ФУРО

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру туралы есеп жарияланды

Есеп 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңді қамтиды. Онда жобаға қатысушы 62 мектепте жасалған жұмыс нәтижесі толықтай баяндалған. Олардың қатарында мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, оқу-құралдарын жабдықтау, оқыту семинарлары мен қосымша білім беруді ұйымдастыру, жоба серіктестерін іріктеу және педагогтерді Зияткерлік мектептер базасында тағылымдамадан өткізу мен олардыәдістемелік қолдау, 4 пен 8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау және т. б. зерттеулер бар.

Сонымен қатар есепте жобаның 17 мектеп қатысқан бірінші кезеңінің қорытындысы жарияланды. Сондай-ақ онда жобаны әрі қарай іске асыруға арналған ұсыныстар да айтылған.

Есептің толық нұсқасы сілтемеде

Еске салсақ, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім алшақтығын азайту. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры (ФУРО). Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.