Алматыда EdCrunch Х дәстүрлі конференциясы басталды. Негізгі тақырып – бәріне бірдей қолжетімді, сапалы білім. Конференция алаңында 350-ден астам спикер, білім беру саласындағы жетекші сарапшылар жеті тақырыптық тректе сөз сөйлейді.
Конференцияның биылғы бас демеушісі – Aitas холдингі. Холдинг пен оның негізін қалаушы Серік Толықпаев 2019 жылдан бері ауылдағы білім саласының мәселелерін шешумен белсенді түрде айналысып келеді.
Конференцияның биылғы бас демеушісі – Aitas холдингі. Холдинг пен оның негізін қалаушы Серік Толықпаев 2019 жылдан бері ауылдағы білім саласының мәселелерін шешумен белсенді түрде айналысып келеді.
«Бізге білім беру экожүйесін құру үшін барлық мүдделі тараптың басын қосатын алаңдардың болуы маңызды. EdCrunch – еліміздегі ең үздік кеңістіктің бірі, біз оны бірнеше жылдан бері қолдап келеміз», – дейді Серік Толықпаев.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры EdCrunch конференциясының бас серіктесі болып отыр. FURO жобаларына қатысқан еліміздегі 86 тірек мектептің мұғалімдері конференцияға оффлайн және онлайн форматта қатысуға мүмкіндік алды.
«10 жыл ішінде конференция білім беру мәселелері бойынша Орталық Азия мен жақын шетелде теңдессіз алаңға айналды. Биылғы конференцияның басты тақырыбы –барлығына бірдей, сапалы қолжетімді білім. Бұл біздің қорымыздың миссиясымен де сәйкес келеді. EdCrunch-ке бүгін ауыл мектептерінен жүзден астам өкіл келіп отыр, тағы мыңға жуық ауыл мұғалімі конференцияға онлайн қатысады. Олар дәл осы алаңнан ауылдағы білім сапасын жақсарту бойынша тың идеялар алып қайтады деп сенемін», – дейді Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.
Ауыл мектептерінің мұғалімдері екі күн бойы Лондондағы Westminster университетінің профессоры Хью Деллар, QS (Quacquarelli Symonds, Ұлыбритания) негізін қалаушы және президенті Нунцио Куакварелли, Experience Workshop білім беру желісінің директоры, STEAM саласындағы әлемдік сарапшы Кристоф Фенывеси, Финляндиядағы Хельсинки қысқа терапия институтының тең директоры, психиатр Бен Фюрман және АҚШ-тағы The Fab Foundation президенті әрі бас директоры Шерри Ласситер сынды мамандардың шеберлік сабақтарына қатысады.
Конференцияның басты мәселелерінің бірі ауылдық жерлердегі білім беру сапасын арттыру болмақ. «Ауыл мектебі немесе кедергілер: табысқа жетудің жалғыз мүмкіндігін қалай пайдалануға болады?» атты пікірталас алаңы да осы мәселеге арналады. Бұл панельдік пікірталасқа қатысатын Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев ауыл мектептерін дамыту жөніндегі өз көзқарастарымен бөлісіп, білікті мұғалімдерді іздеу мен оларды дайындауға қор қалай көмектесетінін айтып береді.
Еске сала кетсек, EdCrunch 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Конференцияның мақсаты – білім беру саласында технологияның негізгі бағыттары мен оқыту жүйесін түрлендіретін цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
Еске сала кетсек, EdCrunch 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Конференцияның мақсаты – білім беру саласында технологияның негізгі бағыттары мен оқыту жүйесін түрлендіретін цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.