Жаңалықтар ФУРО

Телестудия мен STEM зертхана: Хромтау оқушылары жаңарған мектепте оқиды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында “Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру” жобасына қатысып, жоба аясында жаңарған №1 орта мектептің таныстырылуы өтті. Мектеп ғимараты 1965 жылы салынған, соңғы жөндеу 2016 жылы жасалған. Мектепте 600 оқушы білім алып, 52 педагог қызмет етеді.
Білім ордасы “Қазақстан халқына” қоры, Назарбаев Зияткерлік Мектептері мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының бірлескен “Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру” жобасына қатысушы ретінде таңдалды. Жоба мақсаты - ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтып, ауыл мектебіндегі білім сапасын арттыру, білім берудегі мүмкіндіктерді ұлғайту. Сонымен қатар жоба ұйымдастырушылары үздік педагогикалық тәжірибе мен әдістеме енгізіп, тірек мектепті қажет материалды-техникалық базаны қамтамасыз етуді көздейді.
Жоба аясында “Қазақстан халқына” қоры мектептің материалды базасын жаңартуға 249 825 000 теңге қаражат бөлді. Енді мектепте 20 оқыту (пәндік) кабинет пен 4 қосымша білім беру кабинеті бар:
- STEM зертхана
- ART студия
- Телестудия
- Робототехника кабинеті
Мектептің қосымша кабинеттері: спорт залы, концерт залы, Intellectum кабинеті, кітапхана мен балаларға арналғар коуоркиң аймақ, сонымен қатар логопед пен мектеп психологының жеке кабинеті қарастырылған.

Жергілікті атқарушы билік ғимараттың сыртын жөндеп береді.

Жаңарған мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашады.