Жаңалықтар ФУРО

Заманауи білім еркіндікті қажет етеді

Кеше ғана Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы орта мектепте презентацияны аяқтадық, алған әсерімізбен бөлісуге асықпыз!)

Ол өте серпінді, керемет және қызықты болды!) Мектеп Ақтөбеден 40 шақырым жерде орналасқан және мұнда 776 бала оқиды, 85 педагог жұмыс істейді.

«Мемлекет жақында іске қосқан «Қолайлы мектеп» деген тамаша бағдарлама бар. Бірақ бұл тек жаңа мектептердің құрылысына қатысты. Бұл ретте, мектебіміз енген «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы бізге де «қолайлы мектеп» болуға көмектесті. Кң алдымен мұғалімдер білімін жетілдіріп, оған қоса материалдық-техникалық база жаңартылды. Сондықтан жобаның ұйымдастырушылары мен демеушілеріне алғысымыз шексіз» – дейді мектеп директоры Ізьілеуова Анар.

Іс - шараға көптеген қонақтар келді - Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, "НЗМ" ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, AITAS холдингінің өкілдері, Ақтөбе НЗМ директоры және оқытушылары, Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының әріптестері, БАҚ өкілдері және ауданның белсенді тұрғындары. Біз мектеп ішіне экскурсия жасадық, ал оқушылар мен мұғалімдер өз әсерлерімен бөлісті.

Жобаның арқасында барлық мұғалімдер 2023 жылдың ақпанына дейін созылатын НЗМ-нің мамандары оқытатын қарқынды оқу бағдарламасынан өтеді.

«Мектепте жүйелі түрде оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелеріне мониторинг жүргізіп, алынған деректерді талдау мектеп қызметін жақсартуға пайдаланатын аналитикалық топ құрылды. Атқарылып жатқан жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – мектептегі өзгерістерді басқаратын мектеп командасын құру. Жобаның іске асуы Бестамақ тірек мектебіне мықтылар қатарынан табылып, аймақтағы үздік педагогикалық практикалардың хабына айналуға мүмкіндік береді", – деп есептейді НЗМ ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова.

«Қазақстан халқына» қорының қаржыландыратын «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бойынша алынған 249,8 млн.теңгеге мектеп 27 оқу кабинетін жаңартты.