Жаңалықтар ФУРО

№1 Ұлытау мектебі бізбен бірге!


Ұлытауда ауа райы аязды болғанымен, мектеп бізді қалай жылы қарсы алды десеңізші! Балалар сөз сөйлеп, біздің ААТДҚ әріптестеріміз «Қазақстан халқына» қорымен бірлескен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының нәтижелерімен таныстыруға дайындалды!

Мектепте 400-ге жуық бала оқиды.

«Біз отбасында үшеуміз. Біз бәріміз №1 мектепте оқимыз. Егер бұрын біз сабақтың болмайтыны үшін қуанатын болсақ, қазір сабақтарға тек қуана қатысып, мектепті жіберіп алғымыз келмейді. Әр кабинет ерекше: барлық жерде жаңа жиһаз, дәліздерде үстел ойындары қойылған, кең кітапхана, кіреберісте жұмсақ дивандар бар. Барлығы маған қатты ұнайды. Бізде ең жақсы мұғалімдер бар. Мен оқи бергім келеді», – деді 6 сынып оқушысы Айзада Бейсалы.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры және жоба серіктесі «НЗМ» ДББҰ мамандары мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмысты аяқтады. Талдау негізінде мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалды, сондай-ақ мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстары белгіленді. Мектептегі барлық мұғалімдер 2023 жылдың ақпан айына дейін жалғасатын НЗМ-нің қарқынды оқу бағдарламасынан өтетін болады.

№1 Ұлытау мектебінде жаңа шеберханалар, арт-студия, логопед кабинеті, шағын орталық, баспаханасы бар заманауи кітапхана және STEM кабинеті және 34 сынып жаңартылды. «Қазақстан халқына» қорының аясында 250 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жобаның доноры Beeline Kazakhstan компаниясы болса, ал Білім беруді тұрақты дамыту қорының демеушісі AITAS холдингі болып табылады.