Биыл Қостанай облысының Боровское ауылындағы мектеп заманауи стандарттарға сәйкес жаңғыртылды. 13 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында мектепте ашық есік күні өтті.
Бұл тірек мектеп – «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектебінің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушысы.

Жобаның мақсаты - ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы теңсіздікті жоюға жәрдемдесу.
Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясында 35 кабинет жаңғыртылды, биыл 299 оқушы оқиды. Мектепте мектепалды даярлық сыныптарынан бастап, бастауыш, орта және жоғары сыныптар үшін арнайы жабдықталған физика, химия, биология, информатика кабинеттері, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері, сонымен қатар робототехника, ART-студия, STEM-зертхана және телестудия кабинеттері ашылды.

Материалдық-техникалық жабдықтаудан бөлек, мектептің педагогикалық ұжымына оқыту бағдарламалары мен әдістемелік қолдау көрсетіледі. Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, тірек мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жасалады. Бұл әдістемелік қолдау алдағы 3 жыл бойы жалғасады.
Айта кетейік, биыл Қазақстанның 56 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылды. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігін жою. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.