Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей командасы 20-21 сәуір аралығында Түркияның Анталия каласында өткен Roboteх Turkiye 2024 халықаралық чемпионатына қатысты.
Робототехника мен инновациялық технологиялар турниріне 11 мемлекеттен 450 команда мен 2500-дей қатысушы келді. Байсұлтанбек Бегзан жетекшілік ететін Robo Baluan командасы сайыстың 15 бағытының Line Following орта тобы бойынша бақ сынады.
Робототехника мен инновациялық технологиялар турниріне 11 мемлекеттен 450 команда мен 2500-дей қатысушы келді. Байсұлтанбек Бегзан жетекшілік ететін Robo Baluan командасы сайыстың 15 бағытының Line Following орта тобы бойынша бақ сынады.
Жалпы қорытынды бойынша Robo Baluan қазылардың арнайы жүлдесімен марапатталып, Италияның Рим қаласында өтетін робототехника турниріне жолдама ұтып алды.
«Бұл – біздің халықаралық деңгейдегі алғашқы сайысымыз. Мықты командалардың арасында бірінші бестікке кірудің өзі – біз үшін үлкен мәртебе. Сайыс жоғары дәрежеде өтті. Шәкірттерім Рауан Шайзан мен Расул Зандыбайдың сіңірген еңбектері орасан зор. Ендігі жоспарымыз – желтоқсан айында Римде өтетін жарысқа моральдық, материалдық және техникалық тұрғыдан дайындалу», – дейді Робототехника және информатика пәнінің мұғалімі Байсұлтанбек Бегзан.
Байсұлтанбектің айтуынша, турнир кезінде Қазақстаннан барған командалар бір-біріне үлкен қолдау көрсеткен. Ал көрші мемлекеттерден келген қатысушылар оқушылардың роботтарынан бөлек, ұлттық нақышта киген тақияларына да қызығушылық танытыпты.
«Роботтарды сынақ алаңына әкелген кезде, жолдан шығып кете ме деп қобалжыдық. Дегенмен жеңіске деген үміт басым болды. Үздік робототехника шеберлері қатысқан халықаралық сайыста жолдама ұтып алғанымызға қатты қуандық», – дейді Robo Baluan командасының мүшелері.
Айта кетсек, Макинск қаласында орналасқан Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей – «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының қатысушысы.