Жаңалықтар ФУРО

Тірек мектептер жобасының мониторингі басталды

Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры 10 желтоқсан мен 1 ақпан аралығында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бойынша жеткізілетін құрал-жабдықтардың сапасын бақылау жасайды.

Мониторинг жүргізу үшін FURO қызметкерлері мен арнайы мамандардан комиссия құрылды.

Комиссия жобаға қатысушы мектепті аралап, құрал-жабдықтардың техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді. Сондай-ақ, мектеп директорларына оқу материалдарын қабылдауға байланысты кеңес береді.

Мониторинг соңында жобаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленбек.

Бұған дейін тірек мектептердегі білім сапасына мониторинг жүргізілген еді.

Еске сала кетсек, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры 2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған. Ол үш бағытты қамтиды: мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ауыл мектептерінің материалдық базасын жаңарту және әдістемелік қолдау көрсету.